Samsung ProXpress SL-M331x, SL-M332x, SL-M382x, SL-402x Laser Printer series - User's Guide
Сымсыз желіні орнату
179
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Сымсыз желі қосылымын аяқтағаннан кейін бағдарламадан басып
шығару үшін машина драйверін орнату керек (158-беттегі "Желі
арқылы драйверді орнату" бөлімін қараңыз).
1
Басқару тақтасында (Меню) > Сеть > Wi-Fi > Парам. Wi-Fi
тармағын таңдаңыз.
2
Қажет орнату əдісін таңдау үшін OK түймесін басыңыз.
• Список поиска (ұсынылады): Бұл режимде орнату
автоматты түрде жүргізіледі. Машина ішінен таңдалуы қажет
қол жетімді желілер тізімін көрсетеді. Желі таңдалғаннан
кейін принтер тиісті қауіпсіздік кілтін есіңізге салады.
• Нестандартный: Бұл режимде пайдаланушылар өздерінің
SSID бере алады немесе қолмен өңдей алады, немесе
қауіпсіздік параметрін дəл таңдай алады.
16
Windows жүйесін пайдаланып орнату
Ықшам дискі жоқ Samsung Easy Wireless Setup
бағдарламасының таңбашасы: Принтер драйверін орнатқан
болсаңыз, Samsung Easy Wireless Setup бағдарламасына ықшам
дискісіз қатынаса аласыз (256-беттегі "Басқару құралдарына
қатынасу" бөлімін қараңыз).
USB кабелі арқылы қатынас орны
(ұсынылады)
Дайындау керек элементтер
• Қатынас нүктесі
• Желіге қосылған компьютер
• Құрылғымен бірге келген бағдарламаның ықшам дискісі
• Сымсыз желі интерфейсі арқылы орнатылатын машина
•USB кабель
Инфрақұрылым желісін жасау
1
Құрылғыға USB кабелінің қосылғанын тексеріңіз.
2
Компьютерді, қатынас орнын жəне құрылғыны қосыңыз.