Samsung ProXpress SL-M331x, SL-M332x, SL-M382x, SL-402x Laser Printer series - User's Guide

Сымсыз желіні орнату
187
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
11
Іздеуден кейін терезе сымсыз желі құрылғыларын көрсетеді.
Пайдаланғыңыз келетін қатынас нүктесінің атауын (SSID)
таңдап, Next түймесін басыңыз.
Сымсыз желі теңшелімін қолмен орнатқыңыз келсе, Advanced
Setting пəрменін таңдаңыз.
Enter the wireless Network Name: Қатынас орнының SSID
атауын енгізіңіз (SSID – регистрді ескереді).
Operation Mode: Infrastructure параметрін таңдаңыз.
Authentication: Түпнұсқалық растамасының түрін таңдаңыз.
Open System: Түпнұсқалық растамасы пайдаланылмайды жəне
деректер қауіпсіздігінің қажеттілігіне байланысты шифрлау
пайдаланылуы немесе пайдаланылмауы мүмкін.
Shared Key: Түпнұсқалық растамасы пайдаланылады. Тиісті
WEP кілті бар құрылғы желіге қатынаса алады.
WPA Personal немесе
WPA2 Personal: Басып шығару
серверінің түпнұсқалығын WPA Pre-Shared кілтінің көмегімен
растау үшін осы параметрді таңдаңыз. Ол ортақ құпия кілтті
пайдаланады (əдетте Pre Shared Key құпия сөзі деп аталады).
Ол кілт қатынас орнында жəне оның əр клиентінде қолмен
теңшеледі.
Encryption: Шифрлауды таңдаңыз (Жоқ, WEP64, WEP128,
TKIP, AES, TKIP, AES).
Network Password: Шифрлау желісі құпия сөзінің мəнін енгізіңіз.
Confirm Network Password: Шифрлау желісі құпия сөзінің мəнін
растаңыз.
WEP Key Index: WEP шифрлауды пайдалансаңыз, тиісті WEP
Key Index пайдаланыңыз.
Қатынас орнында қауіпсіздік параметрі қосылғанда сымсыз желі
қауіпсіздік терезесі шығады.
Қатынас нүктесінің (немесе маршрутизатордың) Желі құпия сөзін
енгізіңіз.
12
Егер принтер Wi-Fi Direct функциясын қолдаса жəне бұл
функция ажыратылған болса, оның сəйкес экраны пайда
болады.
Егер Wi-Fi Direct функциясын қосу керек болса, құсбелгіні
қойыңыз жəне Next түймесін басыңыз. Олай болмаса, жай Next
түймесін басыңыз.