Samsung ProXpress SL-M331x, SL-M332x, SL-M382x, SL-402x Laser Printer series - User's Guide
Сымсыз желіні орнату
200
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
• Желіаралық дидар бағдарламасын (V3 немесе Norton) байланысты
бұғаттап жатпағанын тексеріңіз.
Егер компьютер жəне машина бірдей желіде қосылған болса жəне
іздегенде оны табу мүмкін болмаса, байланысты брандмауэр бағдарлама
құрсаулауы мүмкін. Оны өшіру үшін пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз
жəне құрылғыны қайтадан іздеп көріңіз.
• Құрылғының IP мекенжайы дұрыс бөлінгенін тексеріңіз. IP мекенжайды
желілік теңшелім туралы есепті басып шығару
арқылы тексеруге болады.
• Қатынас орнында (немесе сымсыз маршрутизаторда) қауіпсіздік
(құпиясөз) теңшелгенін тексеріңіз. Егер оның құпия сөзі болса, қатынас
орнының (немесе сымсыз маршрутизатордың) əкімшісіне хабарласыңыз.
• Машинаның IP мекенжайын тексеріңіз. Құрылғы драйверін қайта
орнатыңыз жəне желідегі құрылғыға қосылу параметрлерін өзгертіңіз.
DHCP ерекшеліктеріне байланысты құрылғыны ұзақ уақыт бойы
пайдаланбаса немесе қатынас орны ысырылмаса,
бөлінген IP мекенжай
өзгеруі мүмкін.
Қатынасу нүктесінде (немесе сымсыз маршрутизаторда) DHCP серверін
теңшеген кезде өнімнің MAC мекенжайын тіркеңіз. Одан кейін сіз MAC
мекенжайымен орнатылған IP мекенжайын əрқашан пайдалана аласыз.
Машинаның MAC мекенжайын желі теңшелімі туралы есепті басып
шығару арқылы анықтауға болады (154-беттегі "Желі конфигурациясы
есебін басып шығару" бөлімін қараңыз).
• Сымсыз ортаны тексеріңіз. Қатынасу нүктесіне (немесе сымсыз
маршрутизаторға) қосылу алдында пайдаланушы ақпаратын енгізу керек
инфрақұрылым ортасында желіге қосыла алмауыңыз мүмкін.
• Бұл құрылғы тек IEEE 802.11 b/g/n жəне Wi-Fi желілерін қолдайды. Басқа
байланыс түрлеріне (мысалы, Bluetooth) қолдау көрсетілмейді.
• Windows Vista сияқты амалдық жүйелерде Аd hoc режимін
пайдаланғанда, сымсыз машинаны пайдаланған сайын сымсыз
қосылымды орнату қажет болуы мүмкін.
• Samsung сымсыз желі машиналарында инфрақұрылым режимін жəне ad
hoc режимін бір
уақытта пайдалана алмайсыз.
• Құрылғы сымсыз желі ауқымында.
• Құрылғы сымсыз сигналды бұғаттауы мүмкін кедергілерден алыс
орнатылады.
Қатынас орны (немесе сымсыз маршрутизатор) жəне құрылғы
арасындағы кез келген үлкен металл заттарды алып тастаңыз.
Құрылғы жəне сымсыз қатынас орны (немесе сымсыз маршрутизатор)
бағандармен, қабырғалармен немесе құрамында металл немесе цемент
бар бағандармен бөлінбегенін тексеріңіз.
• Құрылғы сымсыз сигналға кедергі келтіруі мүмкін басқа электрондық
құрылғылардан алыс орналастырылады.
Көптеген құрылғыға сымсыз сигнал кедергі келтіруі мүмкін, соның ішінде
микротолқынды пештер мен кейбір Bluetooth құрылғылары.
• Қатынасу нүктесінің (немесе сымсыз маршрутизатордың) теңшелімі
өзгертілген кезде құрылғының сымсыз желісін қайта орнатуыңыз қажет
болады.
•Wi-Fi Direct арқылы ең көбі 3 құрал қосыла алады.
• Егер Wi-Fi Direct ҚОСУЛЫ болса
, бұл құрылғы тек IEEE 802.11 b/g желісін
қолдайды.
•
Егер қатынасу нүктесі тек 802.11n стандартымен жұмыс істеу үшін
орнатылса, ол құрылғыға қосылмауы мүмкін.