Samsung ProXpress SL-M331x, SL-M332x, SL-M382x, SL-402x Laser Printer series - User's Guide
218
3. Пайдалы параметр мəзірлері
Сеть
Параметрлерге немесе модельдерге байланысты кейбір мəзірлер
дисплейде шықпауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға
сəйкес келмейді (35-беттегі "Мəзірді шолу" бөлімін қараңыз).
Мəзір параметрлерін өзгерту:
• Басқару тақтасындағы (Меню)> Сеть тармағына өтіңіз.
• Сенсорлық экраны бар модель үшін сенсорлық экранда
көрсеткілерді пайдаланып (Настройка) > Сеть тармағын
таңдаңыз.
Бұл функцияны SyncThru™ Web Service арқылы да пайдалануға
болады. Желіге қосылған компьютерде Веб шолғышты ашып,
құрылғыңыздың IP мекенжайын енгізіңіз. SyncThru™ Web Service
терезесі ашылғанда Настройки > Параметры сети тармағын
таңдаңыз (260-беттегі "SyncThru™ Web Service бағдарламасын
пайдалану" қараңыз).
Параметр Сипаттама
TCP/IP (IPv4)
Желі ортасын пайдалану үшін тиісті протоколды
таңдайды жəне параметрлерді теңшейді (155-
беттегі "IP мекенжайды орнату" қараңыз).
Орнатылатын көп параметрлер бар.
Сенімді болмасаңыз, осы түрінде
қалдырыңыз немесе желілік əкімшіден
сұраңыз.
TCP/IP (IPv6)
Желі ортасын IPv6 арқылы пайдалану үшін осы
параметрді таңдайды (168-беттегі "IPv6
конфигурациясы" бөлімін қараңыз).
Ethernet
Ethernet порты жəне желі трансмиссиясының
жылдамдығын теңшеңіз.
Бұл функция өзгертілгеннен кейін қуатты
өшіріңіз.
802.1x
Желілік байланыс үшін пайдаланушының
түпнұсқалық растамасын таңдай аласыз. Егжей-
тегжейлі ақпаратты желілік əкімшіден сұраңыз.
Wi-Fi
Сымсыз желіні пайдалану үшін осы параметрді
таңдаңыз (172-беттегі "Сымсыз желіні орнату"
қараңыз).