Samsung ProXpress SL-M331x, SL-M332x, SL-M382x, SL-402x Laser Printer series - User's Guide
Басып шығару мүмкіндіктері
252
4. Арнайы мүмкіндіктер
Сондай-ақ, келесі пернелер тіркесімдерін пайдалануға болады: «H» –
Help, «O» – OK, «A» – Apply жəне «C» – Cancel.
General қойыншасы
• Paper Size: Талаптарға сай A4, Letter сияқты немесе басқа қағаз
өлшемдерін орнатыңыз.
• Paper Type: Қағаздың түрін таңдаңыз. Тізімде қол жетімді
параметрлер – Printer Default, Plain жəне Thick.
• Paper Source: Қай науадағы қағаз пайдаланылатынын таңдаңыз.
Əдепкі бойынша, бұл – Auto Selection.
• Orientation: Ақпараттың бетте қай бағытта басып шығарылатынын
таңдаңыз.
• Duplex: Қағазды үнемдеу үшін қағаздың екі бетінде де басып
шығарыңыз.
Модельдерге байланысты автоматты екі жақты басып шығару қол
жетімді емес болуы мүмкін. Оның орнына lpr басып шығару жүйесін
немесе тақ-жұп басып шығаруға арналған басқа бағдарламаларды
пайдалана аласыз.
• Multiple pages: Қағаздың бір жағында бірнеше бетті басып
шығарыңыз.
• Page Border: Жиек мəнерлерінің кез келгенін таңдаңыз (мысалы,
Single-line hairline, Double-line hairline)
Image қойыншасы
Бұл қойыншада құжаттың жарықтығын, ажыратымдылығын немесе
суреттің күйін өзгерте аласыз.
Text қойыншасы
Нақты басып шығарылатын құжаттың таңбалардың арасын, жол
аралығын немесе бағандарын орнатыңыз.
Margins қойыншасы
• Use Margins: Құжаттың шеттерін орнатыңыз. Əдепкі бойынша,
шеттер қосылмайды. Пайдаланушы шет параметрлерін сəйкес
өрістердегі мəндерді өзгерту арқылы өзгерте алады. Əдепкі
бойынша бұл мəндер таңдалған бет өлшеміне байланысты.
• Unit: Бірліктерді нүктелерге, дюймдерге немесе сантиметрлерге
өзгертеді.
Printer-Specific Settings қойыншасы
Əр түрлі параметрлерді теңшеу үшін JCL жəне General
жақтауларындағы əр түрлі параметрлерді өзгертіңіз. Бұл параметрлер
нақты принтерге жəне PPD файлына байланысты.