Samsung ProXpress SL-M331x, SL-M332x, SL-M382x, SL-402x Laser Printer series - User's Guide
260
5. Пайдалы басқару құралдары
SyncThru™ Web Service бағдарламасын пайдалану
• SyncThru™ Web Service үшін кемінде Internet Explorer 8,0
немесе одан жоғары нұсқасы қажет.
• SyncThru™ Web Service параметрлеріне немесе моделіне
байланысты осы нұсқаулықтағы түсіндірме машинаңыздағыдан
басқа болуы мүмкін.
• Тек желілік модель (8-беттегі "Бағдарламалық жасақтама"
бөлімін қараңыз).
1
SyncThru™ Web Service бағдарламасына
қатынасу
1
Windows жүйесінен Internet Explorer сияқты веб-браузерге
кіріңіз.
Мекенжай өрісіне принтердің машина IP мекенжайын (http://
xxx.xxx.xxx.xxx) енгізіңіз жəне Enter пернесін басыңыз немесе
Өту түймесін басыңыз.
2
Құрылғының енгізілген веб-торабы ашылады.
SyncThru™ Web Service қызметіне кіру
SyncThru™ Web Service параметрлерді реттемес бұрын, жүйеге əкімші
ретінде кіруіңіз қажет. SyncThru™ Web Service қызметін жүйеге
кірместен пайдалана беруіңізге болады, бірақ Настройки қойындысы
мен Безопасность қойындысына қол жеткізе алмайсыз.
1
SyncThru™ Web Service веб-торабының жоғарғы оң жағындағы
Вход в систему түймесін басыңыз.
2
Идентификатор мен Пароль енгізіп, Вход в систему түймесін
басыңыз. Төмендегі əдепкі идентификаторды жəне құпия сөзді
енгізіңіз. Қауіпсіздік мақсаттарында əдепкі құпиясөзді ауыстыру
ұсынылады.
• Идентификатор: admin
• Пароль: sec00000
2
SyncThru™ Web Service қызметіне шолу
Үлгіге қарай, кейбір қойындылар көрсетілмеуі мүмкін.