Samsung ProXpress SL-M331x, SL-M332x, SL-M382x, SL-402x Laser Printer series - User's Guide
282
6. Ақаулықтарды жою
Қағазды беру қателері
Күйі Ұсынылатын шешімдер
Басып шығару кезіндегі қағаз
кептелістері.
Қағаз кептелісін тазалаңыз.
Қағаз бір біріне жабысып қалады. • Науаның ең көп қағаз сыйымдылығын тексеріңіз.
• Дұрыс қағаз түрін пайдаланып жатқаныңызды тексеріңіз.
• Қағазды науадан шығарыңыз жəне бүгіңіз немесе желдетіңіз.
• Жоғары ылғалдылық жағдайлары кейбір қағаздың бір-біріне жабысып қалуына себеп болуы мүмкін.
Қағаздың бірнеше парағы
берілмейді. Науада қағаздың əр түрлі түрлері салынған болуы мүмкін. Тек түрі, өлшемі жəне салмағы бірдей қағазды
салыңыз.
Қағаз құрылғыға берілмейді. • Құрылғы ішінен барлық кедергілерді алып тастаңыз.
• Қағаз дұрыс салынбаған. Қағазды науадан алып тастап, қайтадан дұрыстап салыңыз.
• Науада қағаз тым көп. Науадан артық қағазды алып тастаңыз.
• Қағаз тым қалың. Тек
машинаның техникалық сипаттамаларына сай қағазды пайдаланыңыз.
Қағаз кептеле береді. • Науада қағаз тым көп. Науадан артық қағазды алып тастаңыз. Егер арнайы материалдарда басып
шығарсаңыз, науада қолмен беру əдісін пайдаланыңыз.
• Пайдаланылып жатқан қағаз түрі дұрыс емес. Тек машинаның техникалық сипаттамаларына сай қағазды
пайдаланыңыз.
• Құрылғы ішінде кір болуы мүмкін. Алдыңғы қақпақты ашыр
, барлық кірден тазалаңыз.
Конверттер қисық шығады немесе
дұрыс берілмейді.
Конверттердің екі жағында да қағаз бағыттауыштарының болуын қамтамасыз етіңіз.