Samsung ProXpress SL-M331x, SL-M332x, SL-M382x, SL-402x Laser Printer series - User's Guide
Басып шығару сапасы мəселелері
290
6. Ақаулықтарды жою
Тік жолдар Бетте қара тік жолақтар пайда болса:
• Құрылғының ішіндегі тонер картриджінің бетіне (барабан бөлігі) сызат түскен болуы мүмкін. Катриджді алып тастап,
жаңасын орнатыңыз (78-беттегі "Тонер картриджін ауыстыру", 81-беттегі "Бейнелеу құрылғысын алмастыру"
бөлімдерін қараңыз).
Егер бетте ақ тік жолақтар пайда болса:
• Құрылғының ішіндегі LSU бөлігінің беті өте лас болуы мүмкін. Құрылғының
ішін тазалаңыз (89-беттегі "Құрылғыны
тазалау" бөлімін қараңыз). Егер бұл қадамдар мəселені түзетпесе, қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз.
Қара немесе түсті өң Өңдік көлеңкелеудің мөлшері қажеттіден асса:
• Салмағы азырақ қағазға өтіңіз.
• Қоршаған орта жағдайларын тексеріңіз: өте құрғақ жағдай немесе ылғалдылықтың жоғары деңгейі (80 %
салыстырмалы ылғалдылықтан аса) өңдік көлеңкелеудің мөлшерін арттыруы мүмкін.
• Ескі тонер
картриджін алыңыз да, жаңасын орнатыңыз (78-беттегі "Тонер картриджін ауыстыру" бөлімін қараңыз).
• Тонерді толығымен таратыңыз (76-беттегі "Тонерді қайта тарату" бөлімін қараңыз).
Тонер жағылады • Құрылғының ішін тазалаңыз (89-беттегі "Құрылғыны тазалау" бөлімін қараңыз).
• Қағаздың түрін жəне сапасын тексеріңіз.
• Тонер катриджін алып тастап, жаңасын орнатыңыз (78-беттегі "Тонер картриджін ауыстыру" бөлімін қараңыз).
Күйі Ұсынылатын шешімдер