Samsung ProXpress SL-M331x, SL-M332x, SL-M382x, SL-402x Laser Printer series - User's Guide
Баспа құралы жəне науа
47
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
6
Құжатты басып шығарғанда, науа үшін қағаз түрі мен өлшемін
орнатыңыз (54-беттегі "Қағаз өлшемі мен түрін орнату" бөлімін
қараңыз).
Көп мақсатты (немесе қолмен беру) науасы
Пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер параметрлеріне немесе
моделіне байланысты сіздің құрылғыңыздағыдан басқаша болуы
мүмкін. Құрылғының түрін тексеріңіз (22-беттегі "Алдыңғы көрінісі"
бөлімін қараңыз).
Көп мақсатты (немесе қолмен беру) науасында ашық хаттар, ескерту
хаттары жəне конверттер сияқты баспа материалының арнайы
өлшемдері мен түрлері болады (123-беттегі "Баспа құралының
сипаттамалары" қараңыз).
Көп мақсатты (немесе қолмен беру) науаны
пайдалану бойынша кеңестер
• Көп мақсатты (қолмен беру) науасына бір уақытта баспа
құралының тек бір түрін, өлшемін жəне салмағын салыңыз.
• Қағаз кептелістерін болдырмау үшін қағазды басып шығарғанда,
көп мақсатты (немесе қолмен беру) науасында əлі қағаз болғанда
қоспаңыз. Бұл - баспа құралының басқа түрлеріне де
қолданылады.
• Қағаздардың кептелуі мен баспа сапасының ақауларын
болдырмау үшін пайдалануға көрсетілген баспа құралын салыңыз
(123-беттегі "Баспа құралының сипаттамалары" қараңыз).
• Көп мақсатты (немесе қолмен беру) науасына салу алдында
барлық оралған ашықхаттарды, хатқалталарда жəне белгілерді
тегістеңіз.
1
Қолмен салу үшін қағазды шығарыңыз.
Немесе
Көп мақсатты (немесе қолмен беру) науаның басып
шығарғышын ашу үшін басыңыз.
• M332xND/M382xD series