Samsung ProXpress SL-M331x, SL-M332x, SL-M382x, SL-402x Laser Printer series - User's Guide

Баспа құралы жəне науа
51
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
Егер хатқалталар оралып, бүгіліп немесе қара қалың
сызықтармен басып шығарылса, артқы қақпақты ашып, оң
жақтағы қысым рычагын шамамен 90 градус төмен түсіріңіз де,
басып шығару əрекетін қайталаңыз. Басып шығару кезінде
артқы қақпақты ашық ұстаңыз.
1 Қысым тетігі
Конвертте басып шығару кезінде, шығу тірегін жабыңыз.
Əйтпесе, қағаздар кептеліп қалуы мүмкін.
1 Шығыс тіреуіші
Конвертттерді таңдағанда мына факторларды ескеріңіз:
- Салмағы: 90 г/м
2
аспауы керек, əйтпесе, кептелістер орын
алуы мүмкін.
- Құрылымы: тегіс, оралуы 6 мм-ден аз болуы жəне ауа
болмауы керек.
- Күйі: бүгілген, кесілген немесе зақымдалған болмауы керек.
- Температура: жұмыс істеген кезінде машинаның ыстығына
жəне қысымына шыдауы керек.
Тек жақсы жасалған, өткір жəне жақсы бүгілген хатқалталарды
пайдаланыңыз.
Мөр басылған конверттерді пайдаланбаңыз.
Қыстырмалары, тесіктері, қаптамалары, жапсырмалары немесе
басқа синтетикалық материалдары бар конверттерді
пайдаланбаңыз.
Бүлінген немесе нашар жасалған конверттерді пайдаланбаңыз.
Конверттің екі жағындағы тігістің бұрыштарына дейін жеткенін
тексеріңіз.
1 Жарайды
2 Жарамайды
1
1