Samsung ProXpress SL-M331x, SL-M332x, SL-M382x, SL-402x Laser Printer series - User's Guide
Баспа құралы жəне науа
52
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
• Алынатын жабысқақ таспасы бар немесе бірнеше жабысатын
бөлігі бар хатқалталарда машинаның термофиксация
температурасына, шамамен 170°C (338 °F) 0,1 секунд шыдайтын
желімді пайдалану керек. Артық қыстырмалар қыртысталуға,
кептелуге немесе термификсатордың зақымдалуына себеп болуы
мүмкін.
• Ең жақсы басып шығару сапасын алу үшін шеттерді хатқалтаның
жиектеріне 15 мм-ден жақындатпай орнатыңыз.
• Конверттердің тігістері сəйкес келетін жерлерінің басып
шығарылуына жол бермеңіз.
Мөлдірлілік
Құрылғы зақымдамау үшін тек лазерлік принтерлерде қолданылуға
жасалған үлдірлерді пайдаланыңыз.
• Машинаның термофиксация температурасына шыдауы керек.
• Оларды құрылғыдан алғаннан кейін тегіс жерге қойыңыз.
• Қағаз науасында пайдаланылмаған диапозитивтерді ұзақ уақытқа
қалдырмаңыз. Оларад шаң мен кір жиналып, дақты басып
шығаруға себеп болуы мүмкін.
• Саусақ іздерімен былғамау үшін оларды абайлап ұстаңыз.
• Бұлыңғыр болуға жол бермеу үшін басып шығарылған слайдтарды
ұзақ уақытқа күн көзінде қалдырмаңыз.
• Слайдтардың қыртысталмағанына, бүгілмегеніне немесе
шеттерінің жыртылмағанына көзі жеткізіңіз.
• Артқы парағынан бөлектелген слайдтарды пайдаланбаңыз.
• Слайдтардың бір біріне жабысуын болдырмау үшін басып
шығарылған парақтардың жиналуына жол бермеңіз.