Samsung ProXpress SL-M331x, SL-M332x, SL-M382x, SL-402x Laser Printer series - User's Guide
USB жад құрылғысын қолдану
66
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
• Құрылғы USB жадымен жұмыс істеп, жазып немесе оқып жатқан
кезде USB жад құрылғысын алмаңыз. Құрылғының кепілдігі
пайдаланушының дұрыс қолданбауынан болған зақымдарды
қамтымайды.
• Егер USB жад құрылғыңыздың қауіпсіздік жəне құпия сөз
параметрлері сияқты қызметтері болса, құрылғыңыз оны
автоматты түрде анықтамауы мүмкін. Осы қызметтер туралы
мəліметтер алу үшін USB жад құрылғысының пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз.
16
USB жад құрылғысын басып шығару
USB жад құрылғысында сақталған файлдарды тікелей басып шығара
аласыз.
Тікелей басып шығару параметрі қолдайтын файлдар.
•PRN: Тек құрылғыңызбен берілген драйвер жасаған файлдар ғана
үйлесімді.
Егер сіз басқа құрылғыда жасалған PRN файлдарын басып
шығаратын болсаңыз, басып шығарылған материал өзгеше
болады.
• TIFF: TIFF 6.0 негіздік жолағы
• JPEG: JPEG негіздік жолағы
• PDF: PDF 1.7 немесе төменірек нұсқасы.
Құжатты USB жад құрылғысынан басып
шығару
1
USB жад құрылғысын құрылғыңыздың USB жад портына
енгізіңіз.
2
Сенсорлық экранда (Прям. USB) > Печать из > Далее
тармағын басыңыз
3
Қажет қалтаны немесе файлды таңдап, OK түймесін басыңыз.
Егер қалта атының алдында [+] немесе [D] таңбасын көрсеңіз,
таңдалған қалтада бір немесе одан көп файл немесе қалта бар.