Samsung ProXpress SL-M331x, SL-M332x, SL-M382x, SL-402x Laser Printer series - User's Guide
76
3. Қызмет көрсету
Тонерді қайта тарату
Тонер картриджін пайдалану мерзімі аяқталайын дегенде:
• Ақ жолақтар немесе ашық басып шығару жəне/немесе жақтарда тығыздық əр түрлі болады.
• Состояние ЖД қызыл түспен жыпылықтайды. Тонердің төмен екендігін білдіретін хабар дисплейде көрсетілуі мүмкін.
Бұл орын алса картриджде қалған тонерді қайта тарату арқылы басып шығару сапасын уақытша жақсарта аласыз. Кейбір жағдайларда ақ
жолақтар немесе ашық басып шығару тіпті тонерде қайта таратудан кейін де орын алады. Тонер картриджін ауыстырыңыз (71-беттегі "Қолжетімді
шығын материалдары" бөлімін қараңыз).
Пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер параметрлеріне немесе моделіне байланысты сіздің құрылғыңыздағыдан басқаша болуы мүмкін.
• Тонер картриджіне зақым тиюіне жол бермеу үшін оған бес минуттан аса жарық түсірмеңіз. Қажет болса, оны қағазбен жабыңыз.
• Тонер картриджінің жасыл бөлігіне тимеңіз. Бұл аумаққа тимеу үшін картридж тұтқасын пайдаланыңыз.
• Тонер картриджінің орамасын ашу үшін пышақ немесе қайшы сияқты өткір заттарды қолданбаңыз. Олар картридждің барабанына сызат түсіруі
мүмкін.
• Егер
тонер киімге тисе, оны құрғақ матамен сүртіңіз жəне киімді суық сумен жуыңыз. Ыстық су тонерді талшыққа сіңдіріп жібереді.