Samsung ProXpress SL-M331x, SL-M332x, SL-M382x, SL-402x Laser Printer series - User's Guide
78
3. Қызмет көрсету
Тонер картриджін ауыстыру
Тонер картриджі өзінің есептелген қызмет көрсету мерзіміне жақындады:
• Дисплейдегі көрсеткіш шамының күйі мен тонерге қатысты хабарлама тонер картридждері қашан ауыстырылатынын көрсетеді.
• Компьютер экранына компьютердің Samsung Printing Status бағдарламасының терезесі шығып, картридждің бос екенін көрсетеді (268-беттегі
"Состояние принтера Samsung бағдарламасын пайдалану" бөлімін қараңыз).
• Тонер картриджін жақсылап шайқаңыз, бұл бастапқы басып шығару сапасын арттырады.
• Пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер параметрлеріне немесе моделіне байланысты сіздің құрылғыңыздағыдан басқаша болуы мүмкін.
Құрылғының түрін тексеріңіз (22-беттегі "Алдыңғы көрінісі" бөлімін қараңыз).
• Тонер картриджіне зақым тиюіне жол бермеу үшін оған бес минуттан аса жарық түсірмеңіз. Қажет болса, оны қағазбен жабыңыз.
• Тонер картриджінің жасыл бөлігіне тимеңіз. Бұл аумаққа тимеу үшін картридж тұтқасын пайдаланыңыз.
• Тонер картриджінің орамасын ашу үшін пышақ немесе қайшы сияқты өткір заттарды қолданбаңыз. Олар картридждің барабанына сызат түсіруі
мүмкін.
• Егер
тонер киімге тисе, оны құрғақ матамен сүртіңіз жəне киімді суық сумен жуыңыз. Ыстық су тонерді талшыққа сіңдіріп жібереді.
6
Тонер картриджі
Тонер картриджінің қызмет көрсету мерзімі аяқталғанда, машина басып шығаруды тоқтатады.