Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide

127
3. Қызмет көрсету
Тонерді қайта тарату
Тонер картриджін пайдалану мерзімі аяқталайын дегенде:
Ақ жолақтар немесе ашық басып шығару жəне/немесе жақтарда тығыздық əр түрлі болады.
Status ЖД қызыл түспен жыпылықтайды. Дисплейге тонердің төмен екендігі жайлы тонерге қатысты хабарлама шығуы мүмкін.
Компьютер экранына компьютердің Samsung Printing Status бағдарламасының терезесі шығып, қай картридждің тонері төмен екенін ескертеді
(400-беттегі "Состояние принтера Samsung бағдарламасын пайдалану" бөлімін қараңыз).
Бұл орын алса картриджде қалған тонерді қайта тарату арқылы басып шығару сапасын уақытша жақсарта аласыз. Кейбір жағдайларда ақ
жолақтар немесе ашық басып шығару тіпті тонерде қайта таратудан кейін де орын алады.
Бұл пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер құрылғының үлгісіне немесе орнатылған опцияларға байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Құрылғының түрін тексеріңіз (24-беттегі "Алдыңғы көрінісі" бөлімін қараңыз).
Тонер картриджіне зақым тиюіне жол бермеу үшін оған бес минуттан аса жарық түсірмеңіз. Қажет болса, оны қағазбен жабыңыз.
Тонер картриджінің жасыл бөлігіне тимеңіз. Бұл аумаққа жанаспау үшін картридж тұтқасын пайдаланыңыз.
Тонер картриджінің орамасын ашу үшін пышақ немесе қайшы сияқты өткір заттарды қолданбаңыз. Олар картридждің барабанына сызат түсіруі
мүмкін.
Егер тонер киімг
е тисе, оны құрғақ матамен сүртіңіз жəне киімді суық сумен жуыңыз. Ыстық су тонерді талшыққа сіңдіріп жібереді.