Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
130
3. Қызмет көрсету
Тонер картриджін ауыстыру
Тонер картриджі өзінің есептелген қызмет көрсету мерзіміне жақындады:
• Дисплейдегі көрсеткіш шамының күйі мен тонерге қатысты хабарлама тонер картридждері қашан ауыстырылатынын көрсетеді.
• Компьютер экранына компьютердің Samsung Printing Status бағдарламасының терезесі шығып, қай картридждің тонері төмен екенін ескертеді
(400-беттегі "Состояние принтера Samsung бағдарламасын пайдалану" бөлімін қараңыз).
Құрылғының тонер картриджінің түрін тексеріңіз (123-беттегі "Қол жетімді тұтыну материалдары" қараңыз).
• Тонер картриджін жақсылап шайқаңыз, бұл бастапқы басып шығару сапасын арттырады.
• Бұл пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер құрылғының үлгісіне немесе орнатылған опцияларға байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Құрылғының түрін тексеріңіз (24-беттегі "Алдыңғы көрінісі" бөлімін қараңыз).
• Тонер картриджіне зақым тиюіне жол бермеу үшін оған бес минуттан аса жарық түсірмеңіз. Қажет болса, оны қағазбен жабыңыз.
• Тонер картриджінің жасыл бөлігіне тимеңіз. Бұл аумаққа тимеу үшін картридж тұтқасын пайдаланыңыз.
• Тонер картриджінің орамасын ашу үшін пышақ немесе қайшы сияқты өткір заттарды қолданбаңыз. Олар картридждің барабанына сызат түсіруі
мүмкін.
• Егер тонер киімг
е тисе, оны құрғақ матамен сүртіңіз жəне киімді суық сумен жуыңыз. Ыстық су тонерді матаға сіңдіреді.