Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide

Білген жөн
Құрылғы басып шығармайды.
Басып шығару кезегі тізімін ашыңыз жəне құжатты
тізімнен алып тастаңыз (75-беттегі "Басып шығару
тапсырмасын болдырмау" бөлімін қараңыз).
Драйверді жойып, қайта орнатыңыз (32-беттегі
"Драйверді жергілікті орнату" бөлімін қараңыз).
Құрылғыны Windows жүйесінде əдепкі құрылғы ретінде
таңдаңыз (337-беттегі "Құрылғыны əдепкі құрылғы
ретінде орнату" бөлімін қараңыз).
Керек-жарақтарды немесе шығын
материалдарын қайда сатып алуға
болады?
Samsung дистрибьюторынан немесе бөлшек
сатушыдан сұраңыз.
www.samsung.com/supplies торабына кіріңіз. Өнімге
қызмет көрсету туралы ақпаратты қарау үшін елді/
аймақты таңдаңыз.
Көрсеткіш шамы жыпықтайды немесе
тұрақты жанып тұрады.
Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсеткіш шамның мағыналарын
тексеріңіз жəне ақауларды сəйкесінше жойыңыз (168-
беттегі "Жарық диодты экран күйін түсіну" бөлімін
қараңыз).
Қағаз кептелісі орын алды.
Есігін ашып, жабыңыз (24-беттегі "Алдыңғы көрінісі"
бөлімін қараңыз).
Осы нұсқаулықта қағаз кептелісін алып тастау туралы
нұсқауларды қараңыз жəне сəйкесінше ақаулықтарды
жойыңыз (150-беттегі "Кептелістерді болдырмау"
бөлімін қараңыз).