Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
Нормативтік ақпарат
197
5. Қосымша
22
Қоңырау сигналының эквиваленттік саны
Осы жабдықтың қоңырау сигналының эквиваленттік санын жəне FCC
тіркеу нөмірін жабдықтың төменгі немесе артқы жағындағы
жапсырмадан табуға болады. Кейбір жағдайларда осы нөмірлерді
телефон компаниясына беру керек болуы мүмкін.
Қоңырау сигналының эквиваленттік саны (REN) телефон желісінің
жүктелу мүмкіндігін анықтайды жəне желінің "шамадан тыс жүктелуін"
болдырмауға көмектеседі. Бір телефон желісінде жабдықтың бірнеше
түрін орнату, əсіресе телефон желісі бос емес болмаса, телефон
қоңырауларын жасау немесе қабылдау ақаулықтарын туғызуы мүмкін.
Телефон компаниясы ұсынатын қызметтің сапасы жақсы болу үшін, бір
желіге орнатылған жабдықтың қоңырау сигналының эквиваленттік
саны бестен аз болуы керек. Кейбір жағдайларда, эквиваленттік сан
беске тең болса, желі дұрыс істемеуі мүмкін. Егер телефон
жабдығының кез келген бөлігі дұрыс істемесе, оны дереу телефон
желісінен ажырату керек. Əйтпесе, желі зақымдалуы мүмкін.
Бұл жабдық ACTA (Контрафакцияға қарсы сауда келісімі) қабылдаған
FCC ережесінің 68-тарауындағы шарттар мен талаптарға сəйкес
келеді. Жабдықтың артқы жағындағы жапсырмада басқа ақпаратпен
қоса, «US:AAAEQ##TXXXX» пішімінде өнім идентификаторы
жазылған. Сұралған жағдайда, осы нөмірді телефон компаниясына
беру керек.
FCC ережелері бойынша жабдыққа өндіруші мақұлдамаған
өзгертулер мен жетілдірулер жасау, пайдаланушыны жабдықты
қолдану құқынан айыруы мүмкін. Егер терминалды жабдық
телефон желісін зақымдаса, телефон компаниясы тұтынушыны
қызметтің үзілу мүмкіндігі жөнінде ескертуі керек. Дегенмен, алдын
ала хабарландыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, компания
байланысты ажыратуына болады. Бірақ төмендегі шарттарды
орындауы керек:
a Тұтынушыны бірден ескерту.
b Тұтынушыға жабдықтың а
қаулықтарын жоюға мүмкіндік беру.
c Тұтынушының FCC ережелері жəне талаптарының 68-тарауы,
«Е» параграфындағы процедураларға сəйкес Байланыс
құрылғылары бойынша федералды комиссияға шағым жасау
құқы бар екенін айту.
Сондай-ақ, мынаны білу керек:
• Бұл жабдық сандық PBX жүйесімен пайдалануға арнап
жасалмаған.
• Жабдығыңызбен бір желіде компьютер немесе факс модемін
пайдалансаңыз, бүкіл жабдықта жіберу жəне қабылдау
ақаулықтары пайда болуы мүмкін. Жабдығыңызбен бір желіде
қалыпты телефоннан басқа құрылғылар болмағаны жөн.