Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
Нормативтік ақпарат
198
5. Қосымша
• Егер орналасқан аймағыңызда найзағай соғу немесе кернеудің
кенет ауысу қаупі жоғары болса, ток жəне телефон желісіне
кернеудің ауысып тұруынан қорғау құралын орнатуды ұсынамыз.
Кернеудің ауысып тұруынан қорғау құралын өзіңіздің дилеріңізден
немесе телефон немесе электрондық жабдықтар сатылатын
дүкеннен табуға болады.
• Егер төтенше жағдайларда қоңырау шалу нөмірлерін енгізіп,
оларға сынақ қоңырауын жасап көретін бол
саңыз, қалыпты нөмір
арқылы сəйкес қызметті ескертуді ұмытпаңыз. Сол қызмет
диспетчері сынақ қоңырауын жасау нұсқауларын береді.
• Бұл жабдықты таксафон қызметінде немесе қауымдық пайдалану
желілерінде қолдануға болмайды.
• Бұл жабдық есту құралдарын индуктивті қатынаспен қамтамасыз
етеді.
Осы жабдықты телефонның желісіне USOC RJ-11C қалыпты модульді
ұясы арқылы қосуға болады.
23
Ішіне салынған вилканы ауыстыру (тек
Біріккен Патшалық үшін)
Маңызды
Бұл құрылғының қуат сымы стандартты (BS 1363) 13 амперлік ашамен
жабдықталған жəне 13 ампер сақтандырғышы бар. Сақтандырғышты
ауыстырғанда немесе тексергенде дұрыс 13 амперлік
сақтандырғышты қайта қою керек. Содан кейін сақтандырғыш қақпағын
қайта қою керек. Сақтандырғыш қақпағын жоғалтсаңыз, басқа
сақтандырғыш қақпағын алғанша ашаны пайдаланбаңыз.
Құрылғыны сатқан адамдарға хабарласыңыз.
13 амперлік вилка Біріккен Патшалықта ең кең пайдаланылады жəне
тура келуі керек. Бірақ, кейбір ғимараттарда (негізінен ескілерінде)
қалыпты 13 ампер розеткалары жоқ. Сəйкес аша адаптерін сатып алу
керек. Құйылған ашаны алып тастамаңыз.
Құйылған ашаны кесіп алсаңыз, оны бірден тастаңыз. Ашаны
сымға қайта қоса алмайсыз жəне оны розеткаға қоссаңыз, электр
тогына соғылуыңыз мүмкін.