Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
Нормативтік ақпарат
200
5. Қосымша
EC сертификациясы
1999/5/EC радио құрылғылар жəне телекоммуникациялық терминал
құрылғылар директивасы (FAX) бойынша сертификация
Бұл Samsung өнімі Samsung компаниясының өзімен 1999/5/EC
директивасына сəйкес бүкіл еуропалық PSTN желісіне бір терминалды
қосылым бойынша куəландырады. Өнім еуропалық елдердің ұлттық
PSTN желілерімен жəне үйлесімді PBX желілерімен жұмыс істеу үшін
жасалған:
Мəселелер болса, ең алдымен Samsung Electronics Co., Ltd.
компаниясының Euro QA Lab бөліміне хабарласу керек.
Өнім TBR21 стандарты бойынша сыналды. Осы стандартқа сай
терминалдық құрылғыларды пайдалануға көмектесу үшін Еуропалық
телекоммуникация стандаттары институты (ETSI) кеңес беретін
құжатты (EG 201 121) шығарды. Мұнда TBR21 терминалдарының
желілік сыйысымдылығын қамтамасыз ету үшін ескерімдер жəне
қосымша талаптар қамтылады. Өнім осы құжаттағы барлық қатысты
кеңес ескерімдер бойынша жасалды жəне оларға толығымен сəйкес.
Еуропалық радио бекіту туралы ақпарат
(Еуропалық Одақта бекітілген радио
құрылғылар орнатылған өнімдер үшін)
Үйде немесе кеңседе пайдалануға арналған принтер жүйесінде төмен
қуатты, 2,4 ГГц/5 диапазонында жұмыс істейтін, Radio LAN түріне
жататын құрылғылар болуы (ендірілген болуы) мүмкін. Бұл бөлім тек
осы құрылғылар болса ғана қолданылады. Сымсыз құрылғылардың
болуын тексеру үшін жүйе жапсырмасын қараңыз.
Принтерге ендірілген болуы мүмкін сымсыз құрылғының (немесе
құрылғылардың) қуат шығысы Еуропалық комиссия R&TTE
директивасында орнатқан радио жиілік сəулелендіру шектерінен
əлдеқайда төмен.
Сымсыз бекітулерге кіретін еуропалық елдер:
Еуропалық Одақ елдері
Пайдалану бойынша шектеулер бар еуропалық
елдер:
Еуропалық Одақ
Жүйе жапсырмасында CE белгісі болса, жүйеде болуы
мүмкін сымсыз құрылғылар тек Еуропалық Одақта немесе
көршілес аймақтарда пайдалануға арналған.