Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
215
1. Бағдарламаны орнату
Linux үшін орнату
Принтердің бағдарламалық жасақтамасын орнату үшін Samsung веб-
торабына Linux бағдарламалық жасақтама бумаларын қотару керек
(http://www.samsung.com > өнімді табу > Қолдау немесе Жүктеулер).
1
Unified Linux Driver орнату
1
Құрылғы компьютерге қосылып, қуат көзіне қосылғанын
тексеріңіз.
2
Administrator Login терезесі шыққанда, Login өрісіне «root»
сөзін жəне жүйелік құпия сөзді енгізіңіз.
Құрылғы бағдарламалық жасақтамасын орнату үшін супер
пайдаланушы ретінде (түбір) тіркелуіңіз керек. Егер супер
пайдаланушы болмасаңыз, жүйелік əкімшіден сұраңыз.
3
Samsung веб-сайтынан компьютеріңізге Unified Linux Driver
бумасын жүктеңіз.
4
Unified Linux Driver бумасын оң жақ пернемен басып, буманы
шығарыңыз.
5
cdroot > autorun тармағын екі рет басыңыз.
6
Сəлемдесу экраны ашылған кезде Next түймесін басыңыз.
7
Орнату аяқталған кезде Finish түймесін басыңыз.
Орнату бағдарламасы қолайлы болуы үшін Unified Driver Configurator
жұмыс үстелі белгішесі мен Unified Driver тобын жүйелік мəзірге
қосады. Қандай да қиындықтар болса, жүйелік мəзірде немесе
драйверлер бумасы Windows бағдарламаларында қол жетімді
экрандағы анықтаманы қараңыз, мысалы, Unified Driver Configurator
немесе Image Manager.