Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
218
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Пайдалы желілік бағдарламалар
Желі ортасында желілік параметрлерді оңай теңшеу үшін бірнеше
бағдарлама бар. Атап айтқанда, желі əкімшісі желіде бірнеше
құрылғыларды басқара алады.
• Төмендегі бағдарламаларды пайдаланудан бұрын IP
мекенжайын орнатыңыз.
• Модельге немесе елге байланысты кейбір мүмкіндіктер жəне
қосымшалар қол жетімді болмауы мүмкін (9-беттегі "Үлгілер
бойынша мүмкіндіктер" бөлімін қараңыз).
1
SyncThru™ Web Service
Желілік құрылғыға ендірілген веб-сервер келесі тапсырмаларды
орындауға мүмкіндік береді (390-беттегі "SyncThru™ Web Service
бағдарламасын пайдалану" бөлімін қараңыз).
• Шығын материалдары туралы ақпаратты жəне күйде тексеру.
• Құрылғы параметрлерін бейімдеу.
• Электрондық поштамен хабарландыру параметрін орнату. Бұл
параметрді орнатқанда, машинаның күйі (тонер картриджінің
аяқталуы немесе машина қатесі) белгілі бір адамның электрондық
поштасына автоматты түрде жіберіледі.
• Əр түрлі желілік орталарға қосылу үшін құрылғыға қажет желі
параметрлерін теңшеу.
2
SyncThru™ Web Admin Service
Желі əкімшілеріне арналған құрылғыны Интернет арқылы басқару мүмкіндігі.
SyncThru™ Web Admin Service желі құрылғыларын басқарудың тиімді жолын
ұсынады жəне интернет арқылы кез келген сайт арқылы қашықтан басқаруға
жəне ақауларды түзетуге мүмкіндік береді
.
• Бұл бағдарламаны http://solution.samsungprinter.com торабынан
жүктеп алыңыз.
3
SetIP сымды желіні орнату
Бұл қызметтік бағдарлама желі интерфейсін таңдауға жəне TCP/IP
протоколымен бірге пайдалану үшін IP мекенжайларын қолмен
конфигурациялауға мүмкіндік береді.
• 220-беттегі "SetIP бағдарламасын пайдаланып, IPv4 протоколды
теңшеу (Windows)" қараңыз.
• 220-беттегі "SetIP бағдарламасын пайдаланып, IPv4 протоколды
теңшеу (Mac)" қараңыз.
• 222-беттегі "SetIP бағдарламасын пайдаланып, IPv4 протоколды
теңшеу (Linux)" қараңыз.
• Желілік портты қолдамайтын құрылғыда бұл мүмкіндікті
пайдалану мүмкін болмайды (25-беттегі "Артқы көрінісі" бөлімін
қараңыз).
• Бағдарлама TCP/IPv6 қолдамайды.