Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide

219
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Сымды желіні орнату
4
Желі конфигурациясы есебін басып шығару
Машинаның басқару тақтасынан машинаның ағымдағы желілік
параметрлерін көрсететін желі теңшелімі туралы есепті басып
шығара аласыз. Бұл желіні орнатуға көмектеседі.
Мəзірлерге қатынасу əр модельде əр түрлі болуы мүмкін (41-
беттегі "Мəзірді шолу" бөлімін қараңыз).
Кейбір модельдерде төмен деңгейдегі мəзірлерді шолу үшін OK
түймесін басу қажет болуы мүмкін.
Машинаның дисплей экраны бар: Басқару тақтасында
(Menu) түймесін басып, Сетевой > Конфигурация сети таңдаңыз.
Машинаның сенсорлық экраны бар: Сенсорлық экранда
(Настройка) түймешігін басып > Настройка устройства >
Далее > Отчеты > Конфигурация сети тармағына өтіңіз.
Осы желі теңшелімі туралы есепті пайдаланып, машинаның MAC
мекенжайын жəне IP мекенжайын таба аласыз.
Мысалы:
•MAC мекенжай: 00:15:99:41:A2:78
•IP мекенжай: 169.254.192.192
5
IP мекенжайды орнату
Желілік интерфейсті қолдамайтын құрылғыда бұл мүмкіндікті
пайдалану мүмкін болмайды (25-беттегі "Артқы көрінісі" бөлімін
қараңыз).
Бағдарлама TCP/IPv6 қолдамайды.
Алдымен желілік басып шығару мен басқару үшін IP мекенжайын
орнатуыңыз керек. Көп жағдайда жаңа IP мекенжайы желідегі DHCP
(Динамикалық хост конфигурация протоколы) серверіне автоматты
түрде тағайындалады.