Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
Желі арқылы драйверді орнату
224
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Windows 8 Бастау экранынан
• Егер компьютер Интернетке қосылған болса, V4 драйвері
Windows Update торабынан автоматты түрде жүктеледі. Олай
болмаса, V4 драйверін Samsung веб-торабынан қолмен
жүктеуіңізге болады, www.samsung.com > өнімді табу > Қолдау
немесе Жүктеулер.
• Samsung Printer Experience бағдарламасын Windows
Қоймалар қызметінен жүктей аласыз.
WindowsStore(Қоймалар) қызметін пайдалану үшін сізде
Microsoft тіркелгісі болуы керек.
a Charms(Charms) бөлімінен Іздеу таңдаңыз.
b Store(Қоймалар) түймесін басыңыз.
c Samsung Printer Experience бағдарламасын із
деп, басыңыз.
d Установить түймесін басыңыз.
• Егер драйверді берілген бағдарламалық жасақтама ықшам
дискісін пайдалану арқылы орнатсаңыз, V4 драйвері
орнатылмайды. Егер сіз V4 драйверін Жұмыс үстелі экранында
пайдаланғыңыз келсе, Samsung веб-торабынан жүктеуіңізге
болады, www.samsung.com > өнімді табу > Қолдау немесе
Жүктеулер.
• Егер Samsung принтерінің басқару құралдарын орнатқыңыз
келсе, оларды берілген бағдарламалық жасақтама ықшам
дискісін пайдаланып орнат
уыңыз қажет.
1
Құрылғының желіге қосылғанын жəне қуат көзіне қосылғанына
көз жеткізіңіз. Сонымен бірге, машинаның IP мекенжайын
орнату керек (219-беттегі "IP мекенжайды орнату" бөлімін
қараңыз).
2
Charms(Charms) бөлімінен, Параметрлер > ДК
параметрлерін өзгерту > Құрылғы тармағын таңдаңыз.
3
Құрылғы қосу түймесін басыңыз.
Табылған құрылғылар экранға шығады.
4
Пайдаланғыңыз келген модель атын немесе хост атауын
басыңыз.
Машинаның басқару тақтасынан машинаның ағымдағы хост
атауын көрсететін "Желі теңшелімі туралы есепті" басып шығара
аласыз (219-беттегі "Желі конфигурациясы есебін басып шығару"
бөлімін қараңыз).
5
Драйвер Windows Update торабынан автоматты түрде
орнатылады.