Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
Сымсыз желіні орнату
255
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
SetIP бағдарламасын пайдаланып IP
мекенжайды орнату (Windows)
Бұл бағдарлама машинамен байланысу үшін оның MAC мекенжайын
пайдаланып, машинаның желілік IP мекенжайын қолмен орнату үшін
пайдаланылады. MAC мекенжай желілік интерфейстің жабдықтық
сериялық нөмірі болып табылады жəне оны желілік теңшелім
есебінде табуға болады.
219-беттегі "IP мекенжайды орнату" қараңыз.
Құрылғының сымсыз желісін теңшеу
Бастау алдында сымсыз желінің желі атауын (SSID) жəне ол
шифрланған болса, желі кілтін білу керек. Бұл ақпарат қатынас орнын
(немесе сымсыз маршрутизаторды) орнатқанда орнатылған. Сымсыз
ортаны білмесеңіз, желіні орнатқан адамнан сұраңыз.
Сымсыз желі параметрлерін теңшеу үшін SyncThru™ Web Service
бағдарламасын пайдаланыңыз.
SyncThru™ Web Service бағдарламасын
пайдалану
Сымсыз желі параметрлерін теңшеуді бастау алдында кабель
қосылымының күйін тексеріңіз.
1
Желілік кабель құрылғыға қосылған-қосылмағандығын
тексеріңіз. Қосылмаған болса, құрылғыны стандартты желілік
кабельмен қосыңыз.
2
Internet Explorer, Safari немесе Firefox сияқты веб-шолғышты
іске қосыңыз жəне шолғыш терезесіне құрылғының жаңа IP
мекенжайын енгізіңіз.
Мысалы,
3
SyncThru™ Web Service веб-торабының жоғарғы оң жағындағы
Вход в систему түймесін басыңыз.
4
Идентификатор мен Пароль енгізіп, Вход в систему түймесін
басыңыз. Қауіпсіздік мақсаттарында əдепкі құпиясөзді ауыстыру
ұсынылады.
• Идентификатор: admin
• Пароль: sec00000
5
SyncThru™ Web Service терезесі ашылғанда Параметры сети
тармағын таңдаңыз.
6
Беспроводной > С помощью мастера тармағына өтіңіз.