Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide

Сымсыз желіні орнату
263
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Желіаралық дидар бағдарламасын (V3 немесе Norton) байланысты
бұғаттап жатпағанын тексеріңіз.
Егер компьютер жəне машина бірдей желіде қосылған болса жəне
іздегенде оны табу мүмкін болмаса, байланысты брандмауэр
бағдарлама құрсаулауы мүмкін. Оны өшіру үшін пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз жəне құрылғыны қайтадан іздеп көріңіз.
Құрылғының IP мекенжайы дұрыс бөлінгенін тексеріңіз. IP
мекенжайды желілік теңшелім туралы есепті басып шығару арқылы
тексеруге бо
лады.
Қатынас орнында (немесе сымсыз маршрутизаторда) қауіпсіздік
(құпиясөз) теңшелгенін тексеріңіз. Егер оның құпия сөзі болса,
қатынас орнының (немесе сымсыз маршрутизатордың) əкімшісіне
хабарласыңыз.
Машинаның IP мекенжайын тексеріңіз. Құрылғы драйверін қайта
орнатыңыз жəне желідегі құрылғыға қосылу параметрлерін
өзгертіңіз. DHCP ерекшеліктеріне байланысты құрылғыны ұзақ
уақыт бойы пайдаланбаса немесе қатынас орны ысырылмаса,
бөлінген IP мекенжай өзгеруі мүмкін.
Қатынасу нүктесінде (немесе сымсыз маршрутизаторда) DHCP
серверін теңшеген кезде өнімнің MAC мекенжайын тіркеңіз. МАС
мекенжайымен бірге орнатылған ІP мекенжайын əрқашан қолдана
аласыз. Машинаның MAC мекенжайын желі теңшелімі туралы
есепті басып шығару арқылы анықтауға болады (219-беттегі "Желі
конфигурациясы есебін басып шығару" бөлімін қараңыз).
Сымсыз ортаны тексеріңіз. Қатынас орнына (немесе сымсыз
маршрутизаторға) қосылу алдында пайдаланушы ақпаратын енгізу
керек инфрақұрылым ортасында желіге қосыла алмауыңыз мүмкін.
Бұл құрылғы тек IEEE 802.11 b/g/n жəне Wi-Fi желілерін қолдайды.
Басқа байланыс түрлеріне (мысалы, Bluetooth) қолдау көрсетілмейді.
•Windows Vista сияқты амалдық жүйелерде Аd hoc режимін
пайдаланғанда, сымсыз машинаны пайдаланған сайын сымсыз
қосылымды орнату қажет болуы мүмкін.
Samsung сымсыз желі құрылғыларында Инфрақұрылым режимін жəне
аd hoc режимін бір уақытта пайдалана алмайсыз.
Құрылғы сымсыз желі ауқымында.
Құрылғы сымсыз сигналды бұғаттауы мүмкін кедергілерден алыс
орнатылады.
Қа
тынас орны (немесе сымсыз маршрутизатор) жəне құрылғы
арасындағы кез келген үлкен металл заттарды алып тастаңыз.
Құрылғы жəне сымсыз қатынас орны (немесе сымсыз маршрутизатор)
бағандармен, қабырғалармен немесе құрамында металл немесе
цемент бар бағандармен бөлінбегенін тексеріңіз.
Құрылғы сымсыз сигналға кедергі келтіруі мүмкін басқа электрондық
құрылғылардан алыс орналастырылады.
Көптеген құрылғыға сымсыз сигнал кедергі келтіруі мүмкін, соның
ішінде микротолқынды пештер мен кейбір Bluetooth құрылғылары.
Қатынас орнының (немесе сымсыз маршрутизатордың)
конфигурациясы əр өзгерген кезде құрылғының сымсыз желіні қайта
теңшеу қажет.
•Wi-Fi Direct арқылы ең көбі 3 құралды қосу мүмкін.
Егер Wi-Fi Direct ҚОСУЛЫ болса, бұл құрылғы тек IEEE 802.11 b/g
желісін қолдайды.
Егер қатынасу нүктесі тек 802.11n стандартымен жұмыс істеу үшін
орнатылса, ол құрылғыға қосылмауы мүмкін.