Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
329
4. Арнайы мүмкіндіктер
Мекенжай кітапшасын орнату
SyncThru™ Web Service арқылы жиі пайдаланылатын факс нөмірлері
үшін жылдам теру нөмірін орнатуға, содан кейін оларға мекенжай
кітапшасында тағайындалған орын нөмірлерін енгізу арқылы факс
нөмірлерін оңай жəне тез енгізе аласыз.
5
Жылдам теру нөмірін тіркеу
1
Басқару тақтасында (факс) > (Address Book) >
Создание и правка > Быстрый набор тармағын таңдаңыз.
НЕМЕСЕ
Сенсорлық экраны бар модель үшін сенсорлық экранда
(Настройка) > Настройка устройства > Далее > Адр. книга >
Телеф. книга > Просмтр списков > Отдельный >
(параметрлер) > Добав. тармағын таңдаңыз.
2
Жылдам теру нөмірін енгізіп, OK түймесін басыңыз.
Сенсорлық экраны бар модель үшін атты, факс нөмірін,
электрондық пошта мекенжайын жəне жылдам теру нөмірін
енгізіңіз. (Back) түймешігін басыңыз жəне 5-қадамға өтіңіз.
Егер таңдалған сан үшін нөмір енгізілген болса, дисплейде оны
өзгерту ұсынылатын хабар көрсетіледі. Басқа жылдам теру нөмірін
енгізуді бастау үшін түймесін басыңыз.
3
Қалаған атты енгізіп, OK түймесін басыңыз.
4
Керекті факс нөмірін енгізіп, OK түймесін басыңыз.
5
Дайын режимге қайту үшін (Stop/Clear) түймесін немесе
басты бет () белгішесін басыңыз.
6
Жылдам теру нөмірлерін пайдалану
Факсті жіберу кезінде бағыт нөмірін енгізу ұсынылғанда, керекті нөмір
сақталған жылдам теру нөмірін енгізіңіз.
Бір сандық (0-9) жылдам теру нөмірі үшін сандық пернетақтадағы
сəйкес сандық түймені 2 секундтан көбірек басып тұрыңыз.
Екі немесе үш сандық жылдам теру нөмірі үшін бірінші сандық
түймені(лерді) басып, содан кейін соңғы сандық түймені 2 секундтан
көбірек басып тұрыңыз.
Сенсорлық экраны бар модель үшін (Факс) > Отпр-ка (быстр наб)
немесе Отправка (груп. набор) > Далее тармағын таңдаңыз. Қажет
нөмірді таңдауға болады.