Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide

354
4. Арнайы мүмкіндіктер
Сканерлеу мүмкіндіктері
Негізгі сканерлеу мүмкіндіктерін Негізгі нұсқаулық қараңыз (88-
беттегі "Негізгі сканерлеу" бөлімін қараңыз).
Модельге немесе қосымшаларға байланысты бұл мүмкіндік қол
жетімді болмауы мүмкін (9-беттегі "Үлгілер бойынша
мүмкіндіктер" бөлімін қараңыз).
Түрлі факторларға байланысты, соның ішінде компьютердің
жылдамдығы, дисктегі бос орын, жады, сканерленетін суреттің
өлшемі жəне биттік тереңдіктің параметрі, ең үлкен
ажыратымдылыққа қол жеткізуге болады. Осылайша, жүйеңіз
бен с
канерленетін объектіге байланысты кейбір
ажыратымдылықтарда, əсіресе кеңейтілген dpi пайдаланып
сканерлеу қол жетімсіз болуы мүмкін.
21
Негізгі сканерлеу əдісі
Модельге немесе қосымшаларға байланысты бұл мүмкіндік қол
жетімді болмауы мүмкін (11-беттегі "Əр түрлі мүмкіндіктер" бөлімін
қараңыз).
Құрылғыңыздың көмегімен USB сымы немесе желі арқылы
түпнұсқаларды сканерлеуге болады. Құжаттарды сканерлеу үшін
келесі əдістемелерді пайдалануға болады:
Сканир. на ПК: Түпнұсқаларды басқару тақтасынан сканерлеңіз.
Содан кейін, сканерленген деректер қосылған компьютерлердің
Менің құжаттарым қалтасында сақталады (88-беттегі "Негізгі
сканерлеу" бөлімін қараңыз).
Электрондық пошта: Сканерленген суретті электрондық пошта
тіркемесі ретінде жіберуге болады (356-беттегі "Электрондық
поштаға сканерлеу" бөлімін қа
раңыз).
FTP/SMB: Суретті сканерлеуге, сөйтіп оны FTP/SMB серверіне кері
қотаруға болады (358-беттегі "FTP/SMB серверіне сканерлеу"
бөлімін қараңыз).
WSD сканерлеу: Түпнұсқаларды сканерлейді жəне компьютер
WSD (құрылғы үшін веб-қызмет) мүмкіндігін қолдаса, сканерленген
деректерді қосылған компьютерде сақтайды (359-беттегі "WSD
ішіне сканерлеу" бөлімін қараңыз).
Бұлтқа сканерлеу: Кескінді сканерлесеңіз сканерленген деректер
бұлт қызметінде сақталады (360-беттегі "Бұлт қызметінің көмегімен
сканерлеу" бөлімін қараңыз).
TWAIN: TWAIN - алдын ала орнатылған кескін
бағдарламаларының бірі. Суретті сканерлеу таңдалған
бағдарламаны іске қосып, сканерлеу процесін бақылауға мүмкіндік
береді. Бұл мүмкіндікті жергілікті қосылым немесе желілік қосылым
арқылы пайдалануға болады (362-беттегі "Суреттерді өңдеу
бағдарламасында сканерлеу" бөлімін қараңыз).