Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide

Сканерлеу мүмкіндіктері
359
4. Арнайы мүмкіндіктер
Сканерленген суретті сақтау қалтасы түбірде болуы керек.
Қалта сипаттары ортақ пайдаланылатын етіп орнатылуы керек.
Пайдаланушы атыңызда қалтаға жазу жəне оқу құқықтары
болуы керек.
10
Применить пəрменін таңдаңыз.
Сканерлеу жəне FTP/SMB серверіне жіберу
1
Құрылғы желіге қосылғанын тексеріңіз.
2
Бір құжатты төмен қаратып құжат əйнегіне қойыңыз немесе
құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (71-беттегі
"Түпнұсқаларды салу" бөлімін қараңыз).
3
Басқару тақтасында (сканирование) > Сканировать на SMB
немесе Сканирование на FTP тармағына өтіңіз.
НЕМЕСЕ
Сенсорлық экраны бар модель үшін сенсорлық экранда
(Сканирование) > SMB немесе FTP > Далее тармағын
таңдаңыз > қажет сканерлеу мақсатты орнын таңдаңыз.
4
Қажетті серверді жəне сканерлеу пішімін таңдаңыз.
Сенсорлық экраны бар модель үшін сенсорлық экранда
(Опция параметрлері) түймесін басыңыз > көрсеткілерді
пайдаланып қажет параметрді таңдаңыз > Пуск түймесін
басыңыз.
5
Құрылғы сканерлеуді бастайды, содан кейін сканерленген
суретті көрсетілген серверге жібереді.
26
WSD ішіне сканерлеу
Түпнұсқаларды сканерлеп, компьютер WSD (Web Service for Device)
функциясын қолдаса, сканерленген мəліметті оған сақтайды. WSD
мүмкіндігін пайдалану үшін компьютерде WSD принтер драйверін
орнатуыңыз қажет. Windows 7 жүйесінде, Басқару тақтасы >
Құрылғылар мен принтерлер > Добавить принтер пəрменін таңдау
арқылы WSD драйверін орнатуыңызға болады. Шеберден Добавить
сетевой, беспроводной или Bluetooth-принтер түймесін басыңыз.
Желілік интерфейсті қолдамайтын құрылғыда бұл мүмкіндікті
пайдалану мүмкін болмайды (9-беттегі "Үлгілер бойынша
мүмкіндіктер" бөлімін қараңыз).
•WSD мүмкіндігі Windows Vista® немесе WSD мүмкіндігімен
үйлесімді компьютердегі жаңа нұсқада жұмыс істейді.
Келесі орнату қадамдары Windows 7 компьютеріне негізделген.