Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide

Сканерлеу мүмкіндіктері
362
4. Арнайы мүмкіндіктер
28
Суреттерді өңдеу бағдарламасында
сканерлеу
Құжаттардың сканерлеуін жəне импортталуын TWAIN талаптарына
сай болатын Adobe Photoshop сияқты кескіндерді өңдейтін қамтымда
орындауға болады. TWAIN талаптарына сай бағдарламалық құралмен
сканерлеу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1
Құрылғы компьютерге қосылып, қуат көзіне қосылғанын
тексеріңіз.
2
Бір құжатты төмен қаратып құжат əйнегіне қойыңыз немесе
құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (71-беттегі
"Түпнұсқаларды салу" бөлімін қараңыз).
3
Adobe Photoshop секілді бағдарламаны ашыңыз.
4
Файл > Импорттау тармағына өтіп, сканер құрылғысын
таңдаңыз.
5
Сканерлеу параметрлерін орнатыңыз.
6
Сканерлеңіз жəне сканерленген суретті сақтаңыз.
29
WIA драйверін пайдаланып сканерлеу
Құрылғы суреттерді сканерлеу үшін Windows Image Acquisition (WIA)
драйверін қолдайды. WIA – Microsoft Windows 7 жүйесі беретін
стандартты құрамдастардың бірі жəне сандық камералар жəне
сканерлермен жұмыс істейді. TWAIN драйверіне қарағанда, WIA
драйвері суреттерді қосымша бағдарламалық құралды
пайдаланбастан сканерлеуге жəне оңай дұрыстауға мүмкіндік береді.
WIA драйвері USB порты бар Windows жүйесінде ғана жұмыс істейді.
1
Құрылғы компьютерге қосылып, қуат көзіне қосылғанын
тексеріңіз.
2
Бір құжатты төмен қаратып құжат əйнегіне қойыңыз немесе
құжаттарды жоғары қаратып құжат бергішке жүктеңіз (71-беттегі
"Түпнұсқаларды салу" бөлімін қараңыз).
3
Старт > Панель управления > Оборудование и звук >
Устройства и принтеры тармағына өтіңіз.
4
Принтеры и факсы > Начать сканирование тармағында
құрылғы драйверінің белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен
нұқыңыз.
5
Жаңа сканерлеу бағдарламасы шығады.