Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide

Факс мүмкіндіктері
378
4. Арнайы мүмкіндіктер
Факстің нөмірі өзгертілсе немесе құрылғы басқа желіге қосылса,
DRPD функциясын қайтадан орнату керек болады.
DRPD функциясы орнатылғаннан кейін, сигналды факске
жасалған қоңырау ретінде қабылдайтынын тексеру үшін,
құрылғы нөміріне қайтадан қоңырау соғыңыз. Содан соң,
қоңырау «EXT» ұясына жалғанған қосымша телефон немесе
жауап беруші құрылғыға жіберілетінін тексеру үшін, дəл осы
желідегі басқа нөмірге қоңырау соғыңыз.
47
Қауіпсіз қабылдау режимінде қабылдау
Модельге немесе қосымшаларға байланысты бұл мүмкіндік қол
жетімді болмауы мүмкін (9-беттегі "Үлгілер бойынша мүмкіндіктер"
бөлімін қараңыз).
Қабылданған факстерді рұқсаты жоқ адамдардың оқуын болдырмау
керек болуы мүмкін. Қауіпсіз қабылдау режимін қосыңыз, сонда барлық
кіріс факстер жадқа жіберіледі. Құпия сөзді енгізіп қабылданатын
факстерді басып шығаруға болады.
Қауіпсіз алу режимін пайдалану үшін:
Басқару тақтасында (факс) > (Menu) > Функция
факса > Безопасный прием > Вкл. тармағын таңдаңыз.
Сенсорлық экранда (Настройка) > Настройка
устройства > Далее > Настройка факса > Безопас. прием
тармағын таңдаңыз.
Қабылданған факстерді басып шығару
1
Басқару тақтасында (факс) > (Menu) > Функция
факса > Безопасный прием > Печать тармағына өтіңіз.
НЕМЕСЕ
Сенсорлық экраны бар модельде сенсорлық экранда
(Настройка) > Настройка устройства > Далее > Настройка
факса > Безопас. прием > Печ. тармағын таңдаңыз.
2
Төрт цифрлық құпия сөзді енгізіп, OK немесе Печ. түймесін
басыңыз.
3
Жабдық жадта сақталған барлық факстерді басып шығарады.