Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
SyncThru™ Web Service бағдарламасын пайдалану
393
5. Пайдалы басқару құралдары
3
Электрондық пошта ескертуін орнату
Осы параметрді орнату арқылы құрылғыңыздың күйі туралы
электрондық пошта хабарларын алуыңызға болады. IP мекенжай, хост
атауы, электрондық пошта мекенжайы жəне SMTP серверлік ақпараты
сияқты мəліметті орнату арқылы құрылғы күйі (тонер картриджінің
жеткіліксіздігі немесе құрылғы қатесі) белгілі бір адамның электрондық
поштасына автоматты түрде жіберіліп тұрады. Бұл параметрді
құрылғы əкімшісі жиірек пайдалана алады.
Параметрлерге немесе үлгілерге байланысты дисплейде кейбір
мəзірлер пайда болмауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға
сəйкес келмейді.
1
Windows жүйесінен Internet Explorer сияқты веб-браузерді іске
қосыңыз.
Мекенжай жолағына құрылғының IP мекенжайын (http://
xxx.xxx.xxx.xxx) енгізіп, Enter пернесін басыңыз немесе Өту
түймесін басыңыз.
2
Құрылғының енгізілген веб-торабы ашылады.
3
Настройки қойындысынан Настройки устройства >
Сообщение эл. почты тармағын таңдаңыз.
Шығыс сервер ортасын теңшемесеңіз, электрондық поштамен
хабарландыруды орнату алдында желі ортасын теңшеу үшін
Настройки > Параметры сети > Сервер исходящей почты
(SMTP) тармағына өтіңіз.
4
Сообщение эл. почты функциясын пайдалану үшін Включить
құсбелгісін қойыңыз.
5
Электрондық пошта ескертуінің пайдаланушысын қосу үшін
Добавить түймесін басыңыз.
Ескертілгенін қалайтын ескерту элементтерімен бірге алушы
аты мен электрондық пошта мекенжай(лар)ын орнатыңыз.
6
Применить түймесін басыңыз.
Брандмауэр белсендірілген болса, электрондық пошта хабары
сəтті жіберілмеуі мүмкін. Бұл жағдайда желі əкімшісіне
хабарласыңыз.
4
Жүйелік əкімші туралы ақпаратты орнату
Бұл параметр электрондық пошта ескеруі опциясын пайдалану үшін
қажет.