Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
396
5. Пайдалы басқару құралдары
Samsung Easy Printer Manager бағдарламасын пайдалану
• Модельге немесе қосымшаларға байланысты бұл мүмкіндік қол
жетімді болмауы мүмкін (9-беттегі "Бағдарламалық жасақтама"
бөлімін қараңыз).
•Windows жəне Mac жүйесінің пайдаланушылары үшін ғана қол
жетімді (9-беттегі "Бағдарламалық жасақтама" қараңыз).
•Windows жүйесінде Samsung Easy Printer Manager
бағдарламасы үшін Internet Explorer 6.0 немесе одан жоғары
нұсқасы ең жоғары талап болып табылады.
Samsung Easy Printer Manager – Samsung құрылғысының
параметрлерін бір жерге біріктіретін бағдарлама. Samsung Easy Printer
Manager бағдарламасы құрылғы параметрлерін, сонымен бірге, басып
шығару орталарын, параметрлерін/əрекеттерін жəне іске қосуды
біріктіреді. Осы мүмкіндіктердің барлығы Samsung машинасын
ыңғайлы пайдалануға жол ашады. Samsung Easy Printer Manager
пайдаланушыға таңдау үшін екі түрлі пайдаланушылық интерфейсті
қамтамасыз етеді: негізгі пайдаланушылық интерфейс жəне
кеңейтілген пайдаланушылық интерфейс. Екі интерфейстің арасында
ауысу оңай: жай түймені басыңыз.
5
Samsung Easy Printer Manager бағдарламасын
түсіну
Бағдарламаны ашу үшін:
Windows жүйесінде
Старт > Программы немесе Все программы > Samsung Printers >
Samsung Easy Printer Manager тармағын таңдаңыз.
• Windows 8 жүйесі үшін Charms ішінен Поиск > Приложения>
Samsung Printers > Samsung Easy Printer Manager тармағын
таңдаңыз.
Mac үшін,
Applications қалтасын > Samsung қалтасын > Samsung Easy Printer
Manager тармағын ашыңыз.
Samsung Easy Printer Manager интерфейсі төмендегі кестеде
сипатталған əр түрлі негізгі бөлімдерден тұрады: