Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
41
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
Мəзірді шолу
Басқару тақтасы құрылғы параметрлерін орнату немесе құрылғы функцияларын пайдалану үшін түрлі мəзірлерді ашуға мүмкіндік береді.
1
M337xFD/M337xHD/M387xFD/M387xFW/M387xHD/M407xFD/M407xFR/M407xHR
• Қазір таңдалған мəзірдің жанында жұлдызша (√) шығады.
• Параметрлерге немесе модельдерге байланысты кейбір мəзірлер дисплейде шықпауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға сəйкес
келмейді.
• Машинаңыздың параметрлеріне немесе моделіне байланысты кейбір мəзір атаулары басқа болуы мүмкін.
• Мəзірлер кеңейтілген нұсқаулықта сипатталған (276-беттегі "Пайдалы параметр мəзірлері" бөлімін қараңыз).
Мəзірге қатынасу
1
Пайдаланылатын мүмкіндікке байланысты басқару тақтасында Fax, Copy немесе Scan түймесін таңдаңыз.
2
Дисплейдің төменгі жағында мəзір пайда болғанша (Menu) түймесін басып, OK түймесін басыңыз.
3
Қажет мəзір элементі шыққанша көрсеткілерді басыңыз жəне OK түймесін басыңыз.
4
Егер параметр элементінде ішкі мəзірлер бар болса, 3-қадамды қайталаңыз.
5
Таңдалған параметрді сақтау үшін OK түймесін басыңыз.
6
Дайын режиміне оралу үшін (Stop немесе Stop/Clear) түймесін басыңыз.