Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
432
6. Ақаулықтарды жою
Факс мəселелері
Күйі Ұсынылатын шешімдер
Құрылғы жұмыс істемейді,
экран сөніп тұр немесе
түймелер жұмыс істемейді.
• Қуат кабелін ағытып, оны қайта қосыңыз.
• Розеткада ток бар екендігіне көз жеткізіңіз.
• Қуаттың қосулы екенін тексеріңіз.
Теру үні естілмейді. • Телефон кабелі тиісті түрде қосылғанын тексеріңіз (25-беттегі "Артқы көрінісі" бөлімін қараңыз).
• Басқа телефонды жалғау арқылы телефон розеткасы жұмыс і
стейтінін тексеріңіз.
Жадта сақталған нөмірлер
тұрыс терілмейді.
Нөмірлер жадта дұрыс сақталғанына көз жеткізіңіз. Мұны тексеру үшін мекенжай кітапшаларының тізімін басып
шығарыңыз.
Түпнұсқалы құжат
құрылғыға берілмейді.
• Қағаз қыртиыспағанына жəне дұрыс салынып жатқанына көз жеткізіңіз. Түпнұсқалы құжаттың өлшемі тиісті екенін,
тым қалың немесе жұқа емес екенін тексеріңіз.
• Құжат бергіш мықты жабылғанына көз жет
кізіңіз.
• Құжат бергіштің резеңке жастықшасын ауыстыру қажет болуы мүмкін. Қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз.
Факстар автоматты түрде
алынбайды.
• Алу режимін факсқа қою керек (375-беттегі "Қабылдау режимдерін өзгерту" бөлімін қараңыз).
• Науада қағаздың бар екеніне көз жеткізіңіз (183-беттегі "Баспа құралының сипаттамалары" бөлімін қараңыз).
• Экранда кез келген қате туралы хабарлама көрсетілмегенін тексеріңіз. Кө
рсетілген болса, мəселені шешіңіз.
Құрылғы жібермейді. • Түпнұсқалы құжат құжат бергішке немесе сканер шынысына салынғанына көз жеткізіңіз.
• Факс жіберіп жатқан факс құрылғысын тексеріп, ол факс қабылдай алатынын көріңіз.
Кіріс факста бос орындар
бар немесе оның сапасы
төмен.
• Факсты жіберген факс құрылғысы ақаулы болуы мүмкін.
• Телефон желісіндегі шуылдар желі қателерін туғызуы мү
мкін.
• Көшірме жасау арқылы құрылғыңызды тексеріңіз.
• Тонер картриджі өзінің есептелген қызмет көрсету мерзіміне жетейін деп қалды. Тонер картриджін ауыстырыңыз
(130-беттегі "Тонер картриджін ауыстыру" бөлімін қараңыз).