Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide

Глоссарий
450
Глоссарий
FDI
Сыртқы құрылғы интерфейсі (FDI) - монеталық құрылғы немесе
кардридер сияқты үшінші тараптың құрылғысына рұқсат етуге
арналған құрылғы ішіне орнатылған карта. Ол құрылғылар сіздің
құрылғыңызда төлемге негізделген қызметті қамтамасыз етеді.
FTP
Файлдарды беру протоколы (FTP) - TCP/IP протоколын (мысалы,
Интернет немесе интранет) қолдайтын кез келген желі арқылы
файлдар алмасу үшін кең пайдаланылатын протокол.
Термофиксатор құрылғысы
Баспа құралына тонерді түсіретін лазерлік принтердің бөлігі. Ол жылу
ролигі мен қысым ролигінен тұрады. Тонер қағазға түсірілгеннен кейін,
термобекіту құрылғысы тонердің қағазда тұрақты қалуы үшін жылу мен
қысымды қолданады, сондықтан да қағаз лазерлік принтерден шыққан
кезде ол жылы болады.
Шлюз
Компьютер желілерінің арасындағы қосылым немесе компьютер желісі
мен телефон желісінің арасындағы қосылым. Ол өте кең таралған,
себебі ол басқа компьютермен немесе желімен қатынасты
қамтамасыз ететін компьютер немесе желі болып табылады.
Сұр түстің реңктері
Түсті суреттер сұр түстің реңкіне түрлендірілгенде суреттің ашық жəне
қара бөліктерін көрсететін сұр түстің шкаласы; түстер əр түрлі сұр
түстің шкаласымен көрсетіледі.
Көмескі түс
Нүктелер санын өзгерту арқылы сұр түстің реңктерін көрсететін сурет
түрі. Қатты боялған бөліктерде нүктелердің саны көп болады, ал
ақшыл бөліктердегі нүктелердің саны азырақ болады.
Сақтау құрылғысы
Сақтау құрылғысы, əдетте қатты дискілердегі жинақтауышты немесе
қатты дискіні білдіреді, энергиядан тəуелсіз сақтау құрылғысы, сандық
кодталған деректерді магнитті беті болатын жылдам айналатын
дискілерде сақтайды.
IEEE
Электротехника жəне электроника саласындағы инженерлер
институты (IEEE) - электрге қатысты технологияны дамытуға арналған
халықаралық коммерциялық емес кəсіби ұйым.