Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide

Глоссарий
451
Глоссарий
IEEE 1284
1284 параллель порт стандартын Электротехника жəне электроника
саласындағы инженерлер институты (IEEE) жасаған. «1284-B» термині
сыртқы құрылғыға (мысалы, принтерге) қосылатын параллель
кабельдің ұшындағы арнайы коннектор түрін білдіреді.
Интранет
Ұйымның мəліметтерінің немесе операцияларының бір бөлігін сенімді
түрде өз қызметкерлерімен бірлесіп пайдалану үшін IP
протоколдарын, желі қосылымын жəне жалпы байланыс жүйесін
пайдаланатын жеке желі. Кейде бұл термин тек ең нақты көрінетін
қызметті, ішкі веб-сайтты білдіреді.
IP мекенжай
Интернет протоколы (IP) мекенжайы - IP протоколы стандартын
пайдаланатын желіде бір-бірімен байланысу жəне анықтау үшін
құрылғылар пайдаланатын бірегей нөмір.
IPM
Бір минуттағы суреттер (IPM) - принтер жылдамдығын өлшеу əдісі. IPM
көрсеткіші принтер бір минут ішінде басып шығара алатын бір жақты
парақтар санын көрсетеді.
IPP
Интернет басып шығару протоколы (IPP) басып шығару, басып шығару
тапсырмаларын басқару, баспа құралдарының өлшемі,
ажыратамдылық жəне т.б. үшін стандартты протоколды сипаттайды.
IPP протоколын жергілікті немесе Интернет арқылы жүздеген
принтерлер үшін пайдалануға болады жəне ол қатынасты басқару,
аутентификация жəне шифрлау мүмкіндіктерін қолдайды, бұл оны
бұрынғыларға қарағанда икемдірек жəне қауіпсіз басып шығару шешімі
етеді.
IPX/SPX
IPX/SPX - желіаралық бумалар алмасу протоколы/бірізді бумалар
алмасу. Novell NetWare операциялық жүйелері пайдаланатын желілік
протокол. IPX жəне SPX протоколдары TCP/IP протоколына ұқсас
қосылым қызметтерін қамтамасыз етеді, IPX протоколы IP
протоколына ұқсас жəне SPX протоколы TCP протоколы на ұқсас. IPX/
SPX протоколы негізінен жергілікті желілерге (LAN) арналған жəне осы
мақсатта ол өте тиімді протокол болып табылады (əдетте оның жұмыс
көрсеткіштері жергілікті желідегі TCP/IP көрсеткіштерінен жоғары).
ISO
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ISO) - ұлттық стандарттау
органдарының өкілдерінен құралған халықаралық стандарттау
органы. Ол халықаралық өнеркəсіп жəне сауда стандарттарын
шығарады.