Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
Глоссарий
453
Глоссарий
MH
Өзгертілген Хаффман (MH) - ITU-T T.4 ұсынған кескінді тасымалдау
үшін факс құрылғылары арасында берілетін деректер көлемін
азайтуға арналған қысу əдісі. MH - бос орынды тиімді қысу үшін
оңтайландырылған кодтық кітапқа негізделген бірізді кодтау схемасы.
Факстер көбінесе бос орыннан тұратындықтан, бұл факстердің берілу
уақытын барынша азайтады.
MMR
Модификацияланған модификацияланған Рид коды (MMR) - ITU-T T.6
ұсынған қысу əдісі.
Модем
Сандық ақпаратты кодтау үшін негізгі сигналды модуляциялайтын
құрылғы жəне ол берілген ақпараттың кодын ашу үшін негізгі сигналды
демодуляциялайды.
MR
Модификацияланған Рид коды (MR) - ITU-T T.4 ұсынған қысу əдісі. MR
бірінші сканерленген жолды MH көмегімен кодтайды. Келесі жол
бірінші жолмен салыстырылады, айырмашылықтары анықталады,
сонан соң айырмашылықтар кодталады жəне жіберіледі.
NetWare
Novell, Inc. компаниясы жасаған желілік операциялық жүйе. Басында
ол жеке компьютерде əр түрлі қызметтерді орындау үшін кооперативті
көп тапсырмалылықты пайдаланды жəне желілік протоколдар
бастапқы Xerox XNS стегіне негізделді. Қазір NetWare жүйесі TCP/IP
жəне IPX/SPX протоколдарын қолдайды.
OPC
Фотобарабан (OPC) - лазерлік принтерден шығатын лазер сəулесін
пайдаланып басып шығару үшін виртуалды кескін жасайтын механизм
жəне ол əдетте жасыл немесе тот түсті болады жəне цилиндр пішініне
ие.
Принтерде пайдалану кезінде барабаны бар кескін жасау блогы
барабан бетін ақырын тоздырады жəне оны дұрыстап ауыстыру керек,
себебі ол картридждің шығару щеткасына, тазалау механизміне жəне
қағазға тиіп тозады.
Түпнұсқалар
Басқаларын шығару үшін көшірілетін, шығарылатын немесе
аударылатын, бірақ өзі басқа бірдеңеден көшірілмейтін немесе
шығарылмайтын бірдеңенің бірінші үлгісі, мысалы, құжат, фотосурет
немесе мəтін жəне т.б.