Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide

Глоссарий
454
Глоссарий
OSI
Ашық жүйелердің əрекеттестігі (OSI) - байланыс үшін Стандарттау
жөніндегі халықаралық ұйым (ISO) тарапынан жасалған модель. OSI
желіні жобалау үшін стандартты, модульді əдісті ұсынады, ол кешенді
функциялардың қажетті жиынтығын басқарылатын, тəуелсіз,
функционалдық деңгейлерге бөледі. Деңгейлер - жоғарыдан төменге
қарай, қолданба, презентация, сеанс, транспорт, желі, деректер беру
арнасы жəне физикалық.
PABX
Ішкі автоматты телефон станциясы (PABX) - жеке мекеме ішіндегі
автоматты телефон коммутация жүйесі.
PCL
Принтердің басқару тілі (PCL) - принтер протоколы ретінде HP
компаниясы жасаған беттерді сипаттау тілі (PDL), өнеркəсіп
стандартына айналған. Басында бастапқы себелеу принтерлері үшін
жасалған, PCL түрлі деңгейлерде термопринтерлер, нүкте-
матрицалық принтерлер жəне лазерлік принтерлер үшін шығарылды.
PDF
Тасымалданатын құжат пішімі (PDF) - Adobe Systems жасаған арнайы
файл пішімі, екі өлшемді құжаттарды құрылғыдан тəуелсіз жəне
ажыратымдылықтан тəуелсіз пішімде көрсетуге арналған.
PostScript
PostScript (PS) - беттерді сипаттау тілі жəне бағдарлама тілі, негізінен
электрондық жəне үстелдік баспа жүйелерінде пайдаланылады. -
кескін шығару үшін интерпретаторда орындалады.
Принтер драйвері
Компьютерден принтерге деректерді тасымалдау жəне командаларды
жіберу үшін пайдаланылатын бағдарлама.
Баспа құралы
Принтерде, сканерде, факста немесе көшіру құрылғысында
пайдалануға болатын қағаз, конверт, белгілер жəне көшіргіш сияқты
құралдар.
PPM
Бір минуттағы беттер саны (PPM) - принтердің жұмыс істеу
жылдамдығын анықтау əдісі, принтер бір минут ішінде басып
шығаратын беттер санын көрсетеді.