Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide

Глоссарий
455
Глоссарий
PRN файлы
Құрылғы драйверіне арналған интерфейс, бағдарламалық
жасақтамаға стандартты кіріс/шығыс жүйелік қоңыраулар арқылы
құрылғы драйверімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бұл көп
тапсырмаларды жеңілдетеді.
Протокол
Екі есептегіш соңғы нүктелер арасында деректерді тасымалдауды,
қосылымды, байланысты қамтамасыз ететін немесе басқаратын
ереже немесе стандарт.
PS
PostScript бөлімін қараңыз.
PSTN
Жалпыға арналған телефон желісі (PSTN) - жалпыға бірдей
коммутациялық телефон желілерінің жүйесі, өнеркəсіптік ғимаратта
орналасады, əдетте коммутатор арқылы реттеледі.
RADIUS
Телефон желісінің абонентін қашықтан аутентификациялау қызметі
(RADIUS) - пайдаланушыны қашықтан аутентификациялау жəне тіркеу
протоколы. RADIUS аутентификация деректерін орталықтан басқаруға
мүмкіндік береді, мысалы, пайдаланушы аты жəне құпия сөздер,
желіге кіруді басқару үшін AAA (аутентификация, авторизация жəне
есеп) принципін пайдаланады.
Ажыратымдылық
Кескіннің анықтығы, дюймдегі нүктелер санымен (DPI) өлшенеді.
Дюймдегі нүктелер саны көбейсе, ажыратымдылық жоғарылайды.
SMB
Сервердің хабарлар блогы (SMB) - желілік протокол, негізінен
файлдарды, принтерлерді, бірізді порттарды бірлесіп пайдалану үшін
жəне басқа түрлі байланыстар үшін желі нүктелерінің арасында
пайдаланылады. Сонымен қатар, ол тексерілген процесс аралық
байланыс механизмін қамтамасыз етеді.