Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
Глоссарий
456
Глоссарий
SMTP
Пошта жіберуге арналған қарапайым протокол (SMTP) - Интернет
арқылы электрондық пошта хабарларын жіберуге арналған стандарт.
SMTP - салыстырмалы түрде қарапайым, мəтінге негізделген
протокол, бір немесе бірнеше хабар алушылары көрсетіледі, сонан
соң хабар мəтіні беріледі. Ол клиент-сервер протоколы, клиент
серверге электрондық пошта хабарын жібереді.
SSID
Сымсыз желі идентификаторы (SSID) - сымсыз жергілікті желінің
(WLAN) атауы. Бір бірімен байланысу үшін сымсыз жергілікті желідегі
барлық сымсыз құрылғылар бірдей SSID пайдаланады. SSID
регистрге тəуелді болады жəне ең үлкен ұзындығы 32 таңба.
Ішкі желі маскасы
Қосалқы желі маскасы мекенжайдың қайсы бөлігі желілік мекенжай, ал
қайсысы хост мекенжай екендігін анықтау үшін желілік мекенжаймен
бірге пайдаланылады.
TCP/IP
Берілісті басқару протоколы (TCP) жəне Интернет протоколы (IP);
байланыс протоколдарының жиынтығы, Интернет жəне басқа көптеген
коммерциялық желілер жұмыс істейтін протоколдар жиынтығын
енгізеді.
TCR
Берілісті растау есебі (TCR) əрбір беріліс мəліметтерін қамтамасыз
етеді, мысалы, тапсырма күйі, беріліс нəтижесі жəне жіберілген беттер
саны. Бұл есепті əр тапсырмадан кейін басып шығарылатын етіп
немесе беріліс сəтсіз болғанда ғана басып шығарылатын етіп қоюға
болады.
TIFF
Кескін файлының тегтік пішіні (TIFF) - ажыратымдылығы өзгеретін
растрлық кескін пішімі. TIFF сканерлерден келетін кескін деректерін
сипаттайды. TIFF кескіндері файлдағы кескін сипаттамаларын
анықтайтын тегтерді, кілт сөздерді пайдаланады. Бұл икемді жəне
платформадан тəуелсіз пішімді кескін өңдейтін түрлі бағдарламаларда
түсірілген суреттер үшін пайдалануға болады.
Тонер картриджі
Ішінде тонер болатын принтер сияқты құрылғыда пайдаланылатын
ыдыс немесе контейнер. Тонер - лазерлік принтерлерде жəне
ксерокстарда пайдаланылатын ұнтақ, басылған қағазда мəтінді жəне
кескіндерді пайда етеді. Тонер термофиксатордан жылу/қысым
қолдану арқылы қағаз талшықтарына жабысады.