Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
Негізгі артықшылықтар
Ортаға қауіпсіз
• Тонер мен қағазды үнемдеу үшін бұл құрылғы Eco мүмкіндігін
қолдайды (77-беттегі "Үнемді басып шығару" бөлімін қараңыз).
• Қағазды үнемдеу үшін бір қағаз парағында бірнеше бетті басып
шығаруға болады (337-беттегі "Кеңейтілген басып шығару
мүмкіндіктерін пайдалану" бөлімін қараңыз).
• Қағазды үнемдеу үшін қағаздың екі бетінде де басып шығаруға
болады (екі жақты басып шығару) (337-беттегі "Кеңейтілген басып
шығар
у мүмкіндіктерін пайдалану" қараңыз).
• Электр қуатын үнемдеу үшін бұл машина пайдаланылып жатпаған
кезде қуатты тұтынуды айтарлықтай азайтып, электр қуатын
автоматты түрде үнемдейді.
• Энергияны сақтау үшін қалдықтардан жасалған қағазды
пайдалануды ұсынамыз.
Тез жоғары ажыратымдылықпен басып
шығару
• 1200 x 1200 нүкте/дюйм өнімділігіне дейінгі ажыратымдылықпен
басып шығара аласыз (1200 x 600 x 2 бит).
• Жылдам, сұрау бойынша басып шығару.
- M337x series
▪Бір жақты басып шығару үшін 33 ppm (A4) немесе 35 ppm
(Letter).
- M387x series
▪Бір жақты басып шығару үшін 38 ppm (A4) немесе 40 ppm
(Letter).
- M407x series
▪Бір жақты басып шығару үшін 40 ppm (A4) немесе 42 ppm
(Letter).