Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
Құрылғының негізгі параметрлері
56
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
• Режим часов: Құрылғыдағы сағатты 12 сағаттық немесе 24
сағаттық пішімде көрсететін етіп орнатуға болады.
• Энергосбережение: Құрылғыны пайдаланбаған кезде,
қуатты үнемдеу үшін, осы режимді пайдаланыңыз.
(Power / Wake Up) түймесін бассаңыз, басып шығаруды
бастасаңыз немесе факс алынса, өнім қуатты үнемдеу режимінен
оянады.
• Поправка на высоту: Басып шығару сапасына
атмосфералық қысым əсер етеді. Атмосфералық қысым
құрылғының теңіз деңгейінен биіктігі арқылы анықталады.
Теңіз деңгейінен биіктікті орнату алдында өзіңіздің теңіз
деңгейінен биіктігіңізді анықтаңыз (324-беттегі "Биіктікті
реттеу" бөлімін қараңыз).
3
Қажет параметрді таңдап, OK түймесін басыңыз.
4
Таңдалған параметрді сақтау үшін OK түймесін басыңыз.
Сенсорлық экраны бар модель үшін таңдауды сақтау үшін
(артқа) түймесін басыңыз.
5
Дайын режиміне оралу үшін (Stop немесе Stop/Clear)
түймесін немесе басты экран () белгішесін басыңыз.
Осы құрылғыны пайдаланғанда қолайлы басқа параметрлерді
орнату үшін төмендегі сілтемелерді қараңыз.
•327-беттегі "Түрлі таңбаларды енгізу" қараңыз.
•327-беттегі "Пернетақтаны түсіну" қараңыз.
•68-беттегі "Қағаз өлшемі мен түрін орнату" қараңыз.
•329-беттегі "Мекенжай кітапшасын орнату" қараңыз.