Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
Баспа құралы жəне науа
65
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
Егер хатқалталар оралып, бүгіліп немесе қара қалың сызықтармен
басып шығарылса, артқы қақпақты ашып, оң жақтағы қысым
рычагын шамамен 90 градус төмен түсіріңіз де, басып шығару
əрекетін қайталаңыз. Басып шығару кезінде артқы қақпақты ашық
ұстаңыз.
1 Қысым тетігі
• Конвертттерді таңдағанда мына факторларды ескеріңіз:
- Салмағы: 90 г/м
2
аспауы керек, əйтпесе, кептелулер орын
алуы мүмкін.
- Құрылымы: тегіс, оралуы 6 мм-ден аз болуы жəне ішінде ауа
болмауы тиіс.
- Күйі: бүгілген, кесілген немесе зақымдалған болмауы керек.
- Температура: жұмыс істеген кезінде машинаның ыстығына
жəне қысымына шыдауы керек.
• Тек жақсы жасалған, өткір жəне жақсы бүгілген хатқалталарды
пайдаланыңыз.
• Мөр басылған конверттерді пайдаланбаңыз.
• Қыстырмалары, тесіктері, қаптамалары, жапсырмалары немесе
ба
сқа синтетикалық материалдары бар хатқалталарды
пайдаланбаңыз.
• Бүлінген немесе нашар жасалған конверттерді пайдаланбаңыз.
• Конверттің екі жағындағы тігістің бұрыштарына дейін жеткенін
тексеріңіз.
1 Жарайды
2 Жарамайды
• Алынатын жабысқақ таспасы бар немесе бірнеше жабысатын
бөлігі бар хатқалталарда машинаның термофиксация
температурасына, шамамен 170°C (338 °F) 0,1 секунд шыдайтын
желімді пайдалану керек. Артық қыстырмалар қыртысталуға,
кептелуге немесе термификсатордың зақымдалуына себеп болуы
мүмкін.
• Ең жақсы басып шығару сапасын алу үшін шеттерді хатқалтаның
жиектеріне 15 мм-ден жақындатпай орнатыңыз.
• Конверттердің тігістері сəйкес келетін жерлерінің басып
шығарылуына жол бермеңіз.
1