Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
Баспа құралы жəне науа
70
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
•50 парақтан артық Legal қағазы (бір жақты) шығу науасында
жинақталса, беттер дұрыс тураланбауы немесе кептеліп қалуы
мүмкін. Қағаздың шығу науасында жиналуына жол бермеңіз.
• Қалың қағазда бассаңыз, қағаз шығыс тіректе дұрыс
тураланбауы мүмкін. Басып шығару алдында шығыс тіректі
жабыңыз немесе науадағы қағазды аударыңыз.
8
Түпнұсқаларды дайындау
• 142 x 148 мм-ден (5,6 x 5,8 дюйм) кіші немесе 216 x 356 мм-ден (8,5
x 14 дюйм) үлкен қағазды салмаңыз.
• Қағаздың кептеліп қалуына, баспа сапасының төмен болуына жəне
құрылғының зақымдалуына жол бермеу үшін төмендегі қағаз
түрлерін салмаңыз.
- Көшіргіш қағаз немесе көшірме жасайтын қағаз
- Борлы қағаз
- Жұқа жылтыр қағаз немесе жұқа қағаз
- Қыртыстары бар немесе мыжылған қағаз
- Иілген немесе оралған қағаз
- Жыртылған қағаз
• Салмас бұрын, барлық қапсырмалар мен қыстырғыштарды алып
тастаңыз.
• Салмастан бұрын, желім, сия немесе түзеткіш сұйықтық
толығымен кепкеніне көз жеткізіңіз.
• Өлшемі немесе салмағы əртүрлі қағазды қамтитын түпнұсқалы
құжаттарды салмаңыз.
• Кітапшаларды, үндеухаттарды, слайдтарды немесе сипаттары
əдеттен тыс құжаттарды салмаңыз.