Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
Баспа құралы жəне науа
72
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
2
Түпнұсқаны төмен қаратып сканер шынысына қойыңыз. Оны
шынының жоғарғы жағындағы тіркеу бағыттауышымен
туралаңыз.
3
Сканер қақпағын жабыңыз.
• Көшіру кезінде сканердің қақпағын ашық қалдырсаңыз, ол
көшіру сапасына жəне тонердің жұмсалуына əсер етеді.
• Сканер шынысындағы шаң басып шығарылатын парақтың
бетіне қара дақтардың түсуіне себеп болады. Оны əрқашан таза
ұстаңыз (145-беттегі "Сканерді тазалау" бөлімін қараңыз).
• Егер кітаптың немесе журналдың бетін көшіргіңіз келсе,
сканердің қақпағының топсалары шектегішке жеткенге дейін
көтеріңіз, содан кейін қа
қпақты жабыңыз. Егер кітап немесе
журнал 30 мм-ден қалың болса (1,18 дюйм), сканердің қақпағын
ашып қойып көшіріңіз.
• Сканердің шынысын сындырып алмаңыз. Кесіп кетуі мүмкін.
• Сканердің қақпағын жапқанда қолыңызды салмаңыз. Сканердің
қақпағы түсіп кетіп қолыңызды ауыртуы мүмкін.
• Көшіру немесе сканерлеу кезінде сканердің ішіндегі жарыққа
қарамаңыз. Бұл көзге зиян.
Құжат бергіште
Құжат бергіштің (немесе қосарлы құжаттарды автоматты түрде беру
құрылғысы (ҚҚАТБҚ)) көмегімен бір тапсырмада 50 парақ (80 г/м
2
, 21
фунт жоғары сапалы қағаз) салуға болады.
1
Түпнұсқаларды салмастан бұрын, қағаз бумасының жиегін
майыстырып немесе үрлеп, беттерді бір-бірінен айырыңыз.