Samsung Multifunction ProXpress M337x, M387x, M407x Series - User Guide
USB жад құрылғысын қолдану
99
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
5
Дайын режиміне оралу үшін (Stop немесе Stop/Clear)
түймесін немесе басты экран () белгішесін басыңыз.
27
USB жад құрылғысын басып шығару
USB жад құрылғысында сақталған файлдарды тікелей басып шығара
аласыз.
«Прямая печать» параметрі қолдайтын файл.
•PRN: Тек құрылғыңызбен берілген драйвер жасаған файлдар ғана
үйлесімді.
Егер сіз басқа құрылғыда жасалған PRN файлдарын басып
шығаратын болсаңыз, басып шығарылған материал өзгеше
болады.
• TIFF: TIFF 6.0 негіздік жолағы
• JPEG: JPEG негіздік жолағы
• PDF: PDF 1.7 немесе төменірек нұсқасы.
Құжатты USB жад құрылғысынан басып
шығару
1
USB жад құрылғысын құрылғыдағы USB жад портына салыңыз
да, басқару тақтасында Direct USB > USB-печать тармағын
таңдаңыз.
НЕМЕСЕ
Сенсорлық экраны бар модель үшін сенсорлық экранда
(Direct USB) > Печать из > Далее тармағын таңдаңыз.
2
Қажет қалтаны немесе файлды таңдап, OK түймесін басыңыз.
Егер қалта атының алдында [+] немесе [D] таңбасын көрсеңіз,
таңдалған қалтада бір немесе одан көп файл немесе қалта бар.
Сенсорлық экраны бар модель үшін қажет қалтаны немесе
файлды таңдаңыз.
3
Басып шығарылатын көшірмелер санын таңдаңыз немесе
санын енгізіңіз.
4
Таңдалған файлды басып шығаруды бастау үшін OK, Start
немесе Печ. түймешігін басыңыз. Файлды басып шығарғаннан
кейін диплейде басқа тапсырманы басып шығару керектігі
сұралады.
Сенсорлық экраны бар модель үшін сенсорлық экранда Печ.
түймесін басыңыз. 6-қадамға өтіңіз.