Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide
103
3. Басып шығару
Linux жүйесінде басып шығару
Модельдерге немесе параметрлерге байланысты кейбір
функциялар қолжетімді емес болуы мүмкін. Бұл функциялар
қолданылмайтынын білдіреді.
28
Бағдарламалардан басып шығару
Linux қолданбаларының көбі CUPS (Common UNIX Printing System)
жүйесі көмегімен басып шығаруға мүмкіндік береді. Осы
қолданбалардың кез келгені арқылы осы құрылғыдан басып шығаруға
болады.
1
Басып шығару керек құжатты ашыңыз.
2
Fileмəзірін ашып, Page Setup (кейбір бағдарламаларда Print
Setup) тармағына өтіңіз.
3
Қағаз өлшемін жəне бағдарын таңдап, құрылғыңыздың
таңдалғанына көз жеткізіңіз. Apply түймесін басыңыз.
4
File мəзірін ашыңыз жəне Print пəрменін таңдаңыз.
5
Басып шығару үшін құрылғыңызды таңдаңыз.
6
Көшірмелер санын таңдаңыз жəне басып шығару керек беттерді
көрсетіңіз.
7
Қажет болса, əр қойындыдағы басқа басып шығару опцияларын
өзгертіңіз.
8
Print түймесін басыңыз.
Модельдерге байланысты автоматты/қолмен екі жақты басып
шығару қол жетімді емес болуы мүмкін. Оның орнына lpr басып
шығару жүйесін немесе бірдей тақ басып шығаруға арналған басқа
бағдарламаларды пайдалана аласыз (8-беттегі "Үлгілер бойынша
функциялар" бөлімін қараңыз).
29
Файлдарды басып шығару
CUPS серверін пайдаланып тікелей пəрмені жолы интерфейсінен
құрылғыда мəтіндік, бейне, pdf файлдарын басып шығара аласыз.
CUPS lp немесе lpr қызметтік бағдарламасы мұны істеуге мүмкіндік
береді. Бұл файлдарды төмендегі команда форматын пайдаланып
басып шығаруға болады.
"lp -d <принтер атауы> -o <файл атауы> <файл атауы>"
Қосымша ақпаратты алу үшін lp немесе lpr негізгі бетін қараңыз.