Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide

Көшіру экранын түсіну
110
4. Көшіру
Қараңғылықты өзгерту
Түпнұсқада көмескі белгілер мен күңгірт кескіндер болғанда оқуды
жеңілдету қажет болса, көшірменің қараңғылық деңгейін реттеуге
болады. Қараңғылық деңгейін басқару жолағы арқылы реттеңіз. Осы
функция қара кескіндерді ашықтау немесе ашық кескіндерді қаралау
қылып басып шығаруға мүмкіндік береді.
Жүгірткі басқару элементін көрсету үшін, Плотность ( )
белгішесін басыңыз.
Түпнұсқалар түрін таңдау
Көшіру сапасын жақсарту үшін, көшіру тапсырмасына арналған тиісті
құжат түрін таңдау арқылы түпнұсқа түрінің параметрін пайдаланыңыз.
Текст : Түпнұсқа негізінен мəтіннен тұрса жəне кескіндер өт аз
болса немесе болмаса, осы опцияны пайдаланыңыз.
Текст и фотография : Түпнұсқа аралас, яғни мəтін мен
кескіндерден тұрса, осы опцияны пайдаланыңыз.
Фото : Түпнұсқа негізінен немесе тек кескіндерден тұрса, осы
опцияны пайдаланыңыз.
Подменю (Дополнительное меню
действий)
Экономия: Eco режимі қосулы болғанда тек үнемді басып шығару
параметрлерін таңдауға болады. Eco режимін қосу немесе өшіру
үшін Action Overflow мəзірінен Eco опциясын басыңыз.
Добавить в «Мою программу»: Бағдарламаны менің
бағдарламаларымның тізіміне қосу.
Составить задание: Бұл опцияны қосуға немесе өшіруге болады.
Бұл опция қосулы болған кезде: сканерлеу аяқталғаннан кейін,
басқа бетті сканерлеу қажеттігін сұрайтын Сканировать терезесі
пайда болады. Да таңдасаңыз, ағымдағы тапсырмада басқа бетті
сканерлеуге болады. Нет таңдасаңыз, сканерлеу процесі
аяқталып, тапсырманың қалғаны орындалады.
Проверочная копия: Баспаның сапасы мен сəйкестілігін тексеру
үшін сынақ көшірмесін басып шығару мүмкіндігін береді. Тексеру
көшірмесін басып шығару үшін Action Overflow мəзірінен бұл
опцияны басыңыз. Көшірменің тиісті екендігі тексерілгеннен кейін,
қалған көшірмелерді басып шығару үшін Start түймесін басыңыз.
Копия удостоверения: Екі жақты түпнұсқаның екі жағын бір
параққа көшіруге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік жүргізуші куəлігі
сияқты маңызды ақпаратқа ие түпнұсқа құжаттарды көшіру үшін
ыңғайлы.