Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide
Көшіру экранын түсіну
115
4. Көшіру
Копир. книги
Осы функцияны кітапты көшіру үшін пайдаланыңыз. Кітап тым қалың
болса, DSDF құрылғысын топсалары шектегішке жеткенше көтеріңіз,
содан кейін DSDF құрылғысын жабыңыз. Кітап немесе журнал 30 мм-
ден (1,18 дюйм) қалың болса, көшірме жұмысын DSDF құрылғысы
ашық күйінде бастаңыз.
Бұл көшірме мүмкіндігін түпнұсқаларды сканерлеу əйнегіне қойып
жасаған кезде ғана пайдалануға болады.
• Выкл.: Осы функцияны өшіреді.
• Левая стр.: Кітаптың тек сол жақ бетін басып шығарады.
• Правая стр.: Кітаптың тек оң жақ бетін басып шығарады.
• Обе страницы (слева): Екі қарама-қарсы бетті сол жақ беттен
басып шығарады.
• Обе страницы (справа): Екі қарама-қарсы бетті оң жақ беттен
басып шығарады.
• Удалить центр и края из книги: Көшірмелердің ортасындағы
жəне бүйірлік шеттеріндегі түптеулер мен кітап шеттері арқылы
орын алған көлеңкелерді өшіреді.
• Блок 2-ст. печати: Көшірмелердің ортасындағы жəне бүйірлік
шеттеріндегі түптеулер мен кітап шеттері арқылы орын алған
көлеңкелерді өшіреді.
Копир. плаката
Бұл мүмкіндік парақтарды бір плакат өлшемді құжатты жасау бір біріне
жабыстыру мақсатында бір беттік құжатты 4, 9 немесе 16 қағаз
парағына басып шығаруға мүмкіндік береді.
Бұл көшірме мүмкіндігін түпнұсқаларды сканерлеу əйнегіне қойып
жасаған кезде ғана пайдалануға болады.
Повтор изображения
Осы опция түпнұсқалық кескіннің бірнеше көшірмелерін жалғыз беттің
дəл сондай жағында басып шығарады. DSDF ішінде басқа түпнұсқа
болса, барлық басқа түпнұсқалық кескіндер де сондай жолмен басып
шығарылады.
• Выкл.: Осы функцияны өшіреді.
• Повтор: авто: Кескіндердің саны автоматты түрде түпнұсқалық
кескін мен беттің өлшемі арқылы анықталады. Қайталанатын
кескіндердің саны түпнұсқаның өлшеміне, шығыс беттің өлшеміне
жəне 100 %-ға дейінгі кішірейту/үлкейту пайызы негізінде
автоматты түрде таңдалады.
• Повтор: вруч.: 2, 4, 6, 8, 9 немесе 16 бастап кескіндер санын
қолмен таңдаңыз.